ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Өткен аптаның сенбі-жексенбі күндері Түркияның Конья қаласында өткен ауыр атлетикадан Ислам ынтымақтастығы ойындарыннан қос жерлесіміз жүлделі қайтты.
Бидайкөл ауылының тумасы Айзада Муптилда қыздар арасында Ислам ойындарының чемпионы атанса, ерлер арасында сайысқа түскен Асылжан Бектай қола жүлдегер атанды. 89 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Асылжан Бектай жұлқа көтеруден 162 келіні көтеріп күміс медаль, серпе көтеруден 191 келіні бағындырып қола медаль иеленген. Нәтижесінде жерлесіміз қоссайыста 353 келі көтеріп жүлделі 3-орынға табан тіреді.

Ал зілтемірші қыз Айзада Мүптілда 87 кг салмақта өнер көрсетіп, серпе көтеруден 116 келі, жұлқа көтеруден 150 келі көрсеткішпен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Сөйтіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 266 келіні бағындырған Айзада алдына жан салмай, чемпиондық тұғырға көтерілді.
Айта кетейік, Ислам ойындарында Қазақстандық ауыр атлеттер құрама қоржынына 8 алтын, 15 күміс, 3 қола жүлде салған.
Рамазан ӘНӘПИЯ