«Tartyl fest» фестивалінде жерлесіміз топ жарды

300-ден астам қызылордалық бақ сынауға ниет білдірген спорттық шарада шиелілік Ұлағат Беркін 18-30 жас аралығы бойынша 80 кг салмақта турникке 26 мәрте тартылып, II орынды жеңіп алды. «Транстелеком» АҚ, Қызылордатранстелеком филиалында элетромеханик қызметін атқарып жүрген ол «Қызметімнен бөлек осындай спорттық турнирде бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінгеніме, әрі Шиелі ауданының атын шығарғаныма қуаныштымын», – дейді.
Айта кетейік, аталған турнир 3 санат бойынша өткізіліп, 27 қатысушы жүлделі орындарды еншіледі. Енді жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жүлде қоры 54 млн теңгені құрайтын гранд-финалға қатысады деген жоспар бар. Ал финалда жеңімпаз атанғандар Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ