Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордалық дзюдошы Ерболат Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды

Елордалық дзюдошы Ерболат Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тайланд астанасы Бангкокте жалауын көтерген дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Оған 16 елден  200 -ге тарта спортшы қатысты.
Төрт күнге созылған құрлық біріншілігіне Қазақстаннан 20 спортшы қатысып, бақары мен баптарын сынады.
50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз  жарыстың екінші күнінде алдына жан салмады.  
Нәтижесінде елордалық Ерболат Сыздық  жасөспірімдер арасында Азия біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды.
Қарсыластарым өте мықты болды. Барлығы жақсы дайындалған. Бірінші орын үшін айқастың өзі тартысты болды. Алла жазса, енді тамыз айында әлем чемпионаты өтеді. Сол жарыста тек алтын әкелуге тырысып, елімнің намысын қорғап, көк туымызды желбіретіп, ән ұранымызды шырқатуға бар күш-жігерімді саламын. Әлі уақыт бар, көп еңбектеніп, жаттығуларды үзбей жасау керек, –  дейді Ерболат.
Спортшы бұған дейін де дзюдодан  ел чемпионаттары мен әлемдік жарыстарда жүлдегер атанып,  қаламыздың мерейін асырған болатын.
18-21 шілде аралығында өткен сары құрлықтағы бұл жарыс Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшін жылдың басты додасы әлем чемпионатына дайындықтың негізгі кезеңі болып табылады.
Жалпы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша қазақстандық жасөспірім дзюдошылар 13 медаль иеленді. Оның төртеуі алтын, үшеуі күміс, алтауы қола жүлде.
Осылайша, байрақты бәсекеде отандастарымыз ел намысын 16 салмақ дәрежесінде қорғап, жалпы командалық есеп бойынша ІІ орынмен аяқтады.
20 шілде 2022 ж. 705 0