Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

Бокстан әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын сәтті жалғастырып келе жатыр. Olympic.kz кезекті жарыс күнінде шаршы алаңға шығатын қазақстандық спортшылар тізімін ұсынады.

Сербия астанасы Белград қаласында бүгін әлем чемпионатының кезекті жарыс күні басталады. Отандық боксшылар екі сессияда да бақ сынайды. Күндізгі сессияда 48 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов сербиялық Омер Аметовипен кездеседі. 75 келіде Нұрқанат Райыс Молдова спортшысы Влад Гавриличке қарсы шығады. Ал 80 келіде Нұрбек Оралбай Бразилия боксшысы Исаяс Фильгомен қолғам түйістіреді.
Әлем чемпионатының кешкі сессиясында қазақстандықтар 63,5 келіде Санатәлі Төлтаевқа жанкүйер болады. Оның қарыласы Молдова өкілі Василий Чеботарь болмақ.
30 қазан 2021 ж. 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9307)

02 маусым 2025 ж.

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30