2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық өрт сөндіруші кикбоксингтен әлем чемпионатында қола жүлде алды

Қазақстандық өрт сөндіруші кикбоксингтен әлем чемпионатында қола жүлде алды

Шығысқазақстандық өрт сөндіруші Италияда өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, азаматтық қорғау аға сержанты Берік Қалықов Семей қаласындағы №40 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейді. «26 жастағы өрт сөндіруші үнемі спортпен айналысып келеді. 15-24 қазан аралығында Италияда кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатында өнер көрсетіп келді. Жарысқа 65 елден 1600 спортшы қатысты. Берік Қалықов Қазақстан намысын қорғап, қола жүлдегер атанды», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Ол төтенше жағдайлар жүйесінде 2016 жылдан бастап қызмет етеді. Сол уақыттан бері 13 өртті сөндіріп, 20 адамды құтқарған.

https://www.inform.kz
29 қазан 2021 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930