100 км жүгір де, бір жарым миллион ұтып ал!
«Хабар» Агенттігі және «Спорт, туризм және экология» қоғамдық бірлестігі «100км+» атты жүгіру челленджінің басталғанын хабарлайды. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады. Басты талап – 1 қазаннан 30 қарашаға дейінгі аралықта 100 км-ден астам қашықтықты жүйелі түрде жүгіріп шығу. Қатысу үшін Strava қосымшасын жүктеп, JGR.KZ немесе JGRKZ.RUN сайттарында тіркеуден өту қажет. Толық ақпарат жобаның Instagram-дағы @jgr.kz ресми парақшасында жарияланған. Жүлде қоры 1 500 000 астам теңгені құрайды. Айтулы бастаманың қорытындысы 1 жетоқсан күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде жарияланады. Жобаның мақсаты – қазақстандықтар арасында жүгіру және спортпен шұғылдану әдетін қалыптастыру. Жүгіру – салауатты өмір салтының негізі. Ол иммундық жүйені нығайтып, адамға жан-жақты оң әсер ететіндігі дәлелденген. Жобаға қатысуға 1500 астам адам ниет білдірген. Өазіргі уақытта, марафоншылардың бірқатары қажетті қашықтықты жинап үлгерді. Алайда қатысамын деушілер үшін тіркеу әлі де жүріп жатыр. Марафонның ұйымдастырушылары күніне 3 км-ден астам қашықтықты жүгіруге кеңес береді. Айта кетейік, «Хабар» Агенттігі салауатты өмір салтын белсенді насихаттауда. Медиахолдинг қызметкерлері әр алуан спорттық іс-шараларға қатысып, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін үлгі ретінде көрсетіп келеді. Сюжеттерге сілтемелер: https://www.youtube.com/watch?v=R05I1a14-7M https://www.youtube.com/watch?v=0cxDiM8GK5s Қосымша ақпарат үшін мына мекенжайға хабарласыңыз: pr@khabar.kz , 8 (7172) 757 553 www.khabar.kz| facebook.com/ KhabarTV | vk.com/ KhabarTV | twitter.com/KhabarTV | instagram.com.
https://24.kz
https://24.kz