Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда әйелдер марафоны өтті

Алматыда әйелдер марафоны өтті


«Атакент» көрме орталығы саябағында жыл сайынғы Әйелдердің жүгіру жарысы өтті. 350 қатысушының әрқайысысы мәреде алқа мен раушан гүлін алды. Кезекті күзгі жүгіру жарысы Алматы-2019 марафонына дайындық аясында өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы әкімдігі, «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қолдауымен өткен марафонның қатысушылары саябақта екі айналым жүгіріп, жалпы алғанда 8 км қашықтықты еңсерді.
Наргиза Игликова, Инна Рыжих пен Дарья Бычкова абсолютті чемпиондар атанды.
Өз жас санаттарында алғаш болып келгендер:
15-29 жастағы қатысушылар арасынан - Айжан Жанбатыр;
30-39 жас - Аида Естерекова;
40-49 жас - Ольга Машинская;
50 жастан үлкен санатында – Любовь Асанова.
Мәреде қатысушыларды танымал Әйелдердің жүгіру жарысының елшісі, қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова қарсы алды.
«Бүгін мен жүгіруге қатысқан жоқпын, дегенмен, қуаныш сезімімен чемпиондарды қарсы алып, марапаттадым. Мен 2015 жылдан бастап жүгіремін. Танымал адам ретінде, мен үшін сыртқы келбетім маңызды. Спорт маған тек жақсы көрінуге көмектесіп қоймай, сонымен бірге сенімділік беріп, түсірілімнен кейін шаршағандықты басуға мүмкіндік береді. Әр әйелге күнделікті жаңа ерліктерге бару үшін күш жинап, қуаттандыратын сәттер қажет. Кешкі жүгіріс кезінде күнделікті шаруаларды ұмытып, тума-туысқандармен бірге көңілді кеш өткізуге бір серпін береді. Ең бастысы, сылтау таппай, өзіңізге уақыт табыңыз!» - деді ол қатысушыларға.
Аружан сонымен бірге ерекше костюм киген қатысушыларды да марапаттап, оларға жүгіру жарысының серіктестері атынан сыйлықтар сыйлады. Әйелдердің жүгіру жарысының тақырыбы кино кейіпкерлеріне арналған.
«Үшінші мәрте біз сөреге тек қыздарды аттандырдық. Бұл – біз үшін айтулы оқиға. Мақсатымыз – қазақстандық әйелдерге спорттан ләззат алуға болатынын көрсету. Бүгін қатысушылардың арасында жасы 65-тан асқан жүгіруші болды. Қатысушылар сөреге құрбыларымен, аналарымен және қыздарымен шықты. Бүгін көбі алғаш рет жүгірді. Демек, Әйелдердің жүгіру жарысы кедергілер мен блоктарды алып тастап, жүгіру және спортпен айналыса бастауға мүмкіндік береді»,- дейді «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік қорының директоры, ұйымдастырушы Салтанат Қазыбаева.


Baq.kz сайты
30 қыркүйек 2018 ж. 785 0