Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Норвегия астанасы Ослода өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақ қыздары арасында тұңғыш рет әйелдер күресінен әлем чемпионатының финалына шыққан Ж.Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде жапониялық Масако Фуруичимен белдесті.
Бұған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде жапониялық балуан жеңген екен. Бұл жолы тартысты бәсекеде 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері М.Фуруичи 3:0 есебімен алдырмай кетті.
Осылайша Ж.Бақбергенова (жеке бапкері Қайрат Сағадиев) күрес түрлерінен Ослода өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жүлдені салды.
https://egemen.kz