Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық балуан Әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі

Отандық балуан Әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі

Бүгін Ослода өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова финалда Масако Фуруичиге есе жіберіп, күміс медальге ие болды. 72 келідегі ақтық сын 0:3 есебімен жапониялық балуанның пайдасына аяқталды.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Жәмила Бақбергенова кеше жартылай финалда түркиялық балуан Бусе Тосунды сенімді жеңді. Есеп 13:2. Ал ширек финалда тартысты белдесуде франциялық Ванесса Весканнан айласын асырды. Бұл жекпе-жек 10:10 есебімен тең аяқталған. Жәмила соңғы әдісті жасағандықтан келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, Жәмила мен Масако осымен төртінші рет бозкілемде күш сынасты. Оның үшеуі жапониялықтың, біреуі қазақстандық спортшының пайдасына аяқталған. Алдыңғы, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлде үшін болған белдесуде Масаконың 2:0 есебімен мерейі үстем түсті.
Жәмила Бақбергенова 2012 жылдан кейін қазақ қыздары арасынан ересектер арасында әлем чемпионатының финалына шыққан балуан. Сол жылы Гюзель Манюрова алтын үшін таласта қарсыласына есе жіберген еді. 
Бұған дейін Жәмила Бақбергенованың әлем чемпионатында жартылай финалға шыққаны хабарланды.

https://baq.kz​​​
08 қазан 2021 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031