Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Чемпиондар лигасының 1/4 финалы: "Реал" мен "Ман Сити" жеңіске жетті

Чемпиондар лигасының 1/4 финалы: "Реал" мен "Ман Сити" жеңіске жетті

Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы матчтары өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Мадридтегі "Альфредо ди Стефано" стадионындағы кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. "Реал Мадрид" сапында Винисиус Джуниор дубль жасады (27 және 65-минутта), тағы бір голды Марко Асенсио (36) соқты. "Ливерпуль" Мохамед Салахтың (51) голымен жауап қатты.



"Біз "Реалға" қиындық туғызатындай деңгейде футбол ойнай алмадық. Біз олар үшін матчты тым жеңіл қылдық. Қателер болуы мүмкін. Біз бұдан көп нәрсеге лайық болмадық, бірақ біздің ойынымыздағы бір гол мен екінші тайм жаман емес", - деді ағылшын командасының бас бапкері Юрген Клопп.

Манчестердегі "Этихад" стадионында өткен матчта "Манчестер Сити" дортмундық "Боруссияны" 2:1 есебімен жеңді. "Қалалықтар" сапында Кевин Де Брюйне (19) мен Фил Фоден (90) көзге түсті. Дортмундтықтар сапында Марко Ройс (84) қанжығасын майлады.
07 сәуір 2021 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (8883)

13 сәуір 2021 ж.

№28 (8882)

09 сәуір 2021 ж.

№27 (8881)

06 сәуір 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам