Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аты аңызға айналған Тайсон мен Холифилд жекпе-жекке дайындалып жатыр

Аты аңызға айналған Тайсон мен Холифилд жекпе-жекке дайындалып жатыр

Фото: hessentiallysports.com
Ауыр салмақтағы аты аңызға айналған америкалықтар Эвандер Холифилд пен Майк Тайсон үшінші рет рингте кездеседі. vRINGe.com жекпе-жек 29 мамырда Майамидегі (АҚШ) Hard Rock Stadium-да өтетінін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Холифилд қауесеттерге жауап берді.
"Бәрі күшінде! Мен дайынмын! Тек осы жолы тістемей айқасуды сұраймын!", - деді ол.
Купить мостовой кран 10 тонн
Мостовой кран 10 тонн купить из Китая. По разумной цене. Монтаж и пусконаладка.
Холифилд 1997 жылы маусымда өткен реванш жекпе-жек туралы айтып отыр. Ол кезде Тайсон Холифилд сүзгілене берген соң, құлағын тістеп алған. 
Осыдан кейін рефери жекпе-жекті жалғастырмақ болған, бірақ көп ұзамай жағдайды көріп Тайсонды дисквалификациялайды. 
Бірінші жекпе-жекте де (1996 жылы қараша) Холифилд жеңген, ол кезде қарсыласын шаршатып, соңғы раундтарда нокаутқа түсірді.
Тайсон үшінші жекпе-жек туралы өткен аптада бірінші болып жариялады.
"Бәрі білгенін қалаймын. Холифилдпен жекпе-жек 29 мамырда өтеді. Бұл жолы мен жеңемін", - деді ол.
Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында Тайсон Рой Джонспен көрме жекпе-жек өткізіп, екеуі тең түсті.
03 сәуір 2021 ж. 292 0