Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ФУТБОЛ ТОЙЫНА БІЗДІ ШАҚЫРА МА?

ФУТБОЛ ТОЙЫНА БІЗДІ ШАҚЫРА МА?


ЕУРОПАДА ФУТБОЛ МАУЫСЫМЫ ШЕШУШІ КЕЗЕҢГЕ ТАЯДЫ. ІШКІ ЧЕМПИОНАТТА ЧЕМПИОНДЫҚҚА ТАЛАСАТЫН ҰЖЫМДАР БЕЛГІЛІ БОЛЫП, ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДА ТЕК МЫҚТЫЛАР ҚАЛДЫ. ЕНДІ 24-НАУРЫЗДАН БАСТАП ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛМАҚ. ФУТБОЛ МАУСЫМЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ АЯҚ АЛЫСЫ ҚАЛАЙ? САРАПТАП КӨРДІК.
Футбол сөзсіз әлемдегі нөмері 1-ші спорт түрі. Олай дейтін себебіміз аяқ доп шеберлері пандемияға қарамай ішкі біріншіліктерін тоқтатқан жоқ. Жасыл алаңдағы жанкүйерлерінен айрылды, бірақ қолдаушыларын емес. Үздік 5 чемпионаттарындағы жағдай мынадай. Англияда – Манчестер Сити, Испанияда – Атлетико Мадрид, Германияда – Бавария, Италияда – Интер, Францияда – ПСЖ командалары көш бастап тұр. Ағылшын біріншілігінде Чемпиондық тағдыры шешілді десек, қалған біріншіліктерде әлі ештеңе анықталған жоқ. Реал, Барселона, Ювентус пен Милан, Лиль ұжымдары әлі де чемпиондықтан дәмелі секілді.
Ал, Чемиондар Лигасындағы жағдай тіптен қызық. Онда ең мықты деген 4 жұп бақ сынасады. Айтпақшы, жақында Стамбулда жеребе рәсімі өткізіліп, Реал Мадридтің бұрынғы ойыншысы Хамит Алтынтоп қарсыластарды анықтады. Сөйтіп, Бавария мен ПСЖ, Манчес­тер Сити мен Боруссия Дортмунд, Реал Мадрид пен Ливерпуль, Порту мен Челси жұптары жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салатын болды. Бавария мен ПСЖ жұбы былтырғы финалистер болса, Ливерпуль мен Реалдың да өз есебі бар. Айтпақшы биылғы 1/4 финалдық бәсеке соңғы 10 жылдағы Месси мен Роналдусыз өткен алғашқы кезең болмақ.
Енді міне, Әлем Чемпионатына іріктеу ойындарына куә болатын сәт те туды. Біздің құрама орналасқан D тобында: Франция, Украина, Босния мен Герцеговина, Финлиянда аяқ доп шеберлері бар. Қазақстан құрамасының биылғы құрамы біршама өзгерістерге ұшырап отыр. Негізгі құрамда Абат Айымбетов, Абзал ­Бейсебеков,­­ Асхат Тағыберген секілді мықтылар өнер көрсетпек. Алғашқы ойын Әлем Чемпиондары – Франция ұлттық құрамасымен осы жексенбіде өтеді. Кездесуге Франциядан Варан, Мбаппе, Гризманн, Погба сынды футбол жұлдыздары келуі мүмкін. Негізгі құрамда ойынға кім шығары белгісіз. Қалай болғанда да футболшыларымыз ұялмайтындай ойын көрсетсе деген тілегіміз бар.

Р.ӘНӘПИЯ
24 наурыз 2021 ж. 454 0