Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің қарсыласы және жекпе-жек өтетін күн белгілі болды

Головкиннің қарсыласы және жекпе-жек өтетін күн белгілі болды

Хайме Мунгиамен жекпе-жек 7 мамырда Американың Техас штатында өтеді. Оны DAZN платфорамасы көрсетеді. IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиамен (36-0, 29 КО) жұдырықтасады. 
Ringpolska порталы таратқан мәліметке сәйкес, жекпе-жек 7 мамырда АҚШ-тың Техас штатында өтеді. Оны DAZN платфорамасы көрсетеді.
Мексикалық Хайме Мунгианың жасы – 24-те. Бұрын супер орта салмақтағы чемпион болған. Ал өткен жылы қаңтар айында орта салмаққа түсіп, екі жекпе-жек өткізді. Екеуінде де жеңіске жетті. Алдымен ирландиялық Гэри О'Салливанды жеңсе, одан кейін Багам аралдарынан келген Туреано Джонсоннан басым түсті.
Ал Головкин  Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекті күтпейді. Себебі Канело супер орта салмаққа ауысып кетті. WBO чемпионы Деметриус Андрадемен жұдырықтасуға мүмкіндік жоқ. Америкалық боксшы өз титулын британдық Лиам Уильямсқа қарсы жекпе-жекте қорғауға міндеттелген.

sputnik.kz
04 наурыз 2021 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930