Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Канело, vamos!" Қанат Ислам мәлімдеме жасады

"Канело, vamos!" Қанат Ислам мәлімдеме жасады

Қанат Ислам. Фото: Qazaq Promotions©36 жастағы қазақстандық Қанат Ислам WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы Сауль Канело Альваресті тағы жекпе-жекке шақырды. Ол бұл мәлімдемені эквадорлық боксшы Джейсон Минданы жеңгеннен кейін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Мен бұл жекпе-жекке ұзақ дайындалдым. Отбасыма оралдым, командама оралдым. Жақсы қарсыласпен жақсы жекпе-жек болды. Бұл жігітке рақмет, ол - мықты қарсылас. Мен бәріне дайынмын. Бұған дейін айтқанымдай, Қытайда туып-өстім, Қазақстанда тұрамын, мен - түркімін, мен-мұсылманмын, менде қанша жанкүйер болуы мүмкін. Канело менімен жекпе-жекке шығуы керек! Рамазан айы жақындап келеді. Рамазаннан кейін ораламын", - деді Қанат Ислам.
Қанат Ислам "келесі жекпе-жекте кіммен кездескісі келеді" деген сұраққа жауап берді.

"Мен Канелоны қалаймын. Болды. Канело, vamos! Шығайық және бокстасайық!"- деді Қанат Ислам.

Айта кетейік, бұған дейін орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам кәсіпқой бокста жеңіске жеткені белгілі болды. Ол эквадорлық Джейсон Минданы нокаутқа түсірді.
21 ақпан 2021 ж. 505 0

Қоғам

АҚ ХАЛАТТАҒЫ МЕЙІРІМ
16 маусым 2026 ж. 57

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930