Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанат Ислам Мексиканың бокс жұлдызымен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қанат Ислам Мексиканың бокс жұлдызымен жекпе-жек өткізуі мүмкін


Мексиканың бокс жұлдызы Хайме Мунгуйя келесі жекпе-жегін сәуір не мамыр айында шаршы алаңға шығады. Бұл туралы промоутер Фернандо Бельтран мәлімдеді.
Хайме Мунгуйя Мексиканың ұлттық мейрамы – Синко де Майо жақындаған тұста жұдырықтасуға дайын. Қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкин болуы мүмкін. Егер қос тарап бір келісімге келе алмаса мексикалық боксшы сәуірде жекпе-жек өткізеді.

"Мунгуйя - Головкинге – бұл маған ұнайтын жекпе-жек. Қазіргі таңда келіссөз жүргізіп жатырмыз, болмай жатса сәуірде жекпе-жекке шығады. Олардың дайынбыз дегенге дейін күтетін жайымыз жоқ", – дейді промоутер Фернандо Бельтран ESPN басылымына.
ESPN басылымы Хайме Мунгуйя қазақстандық Геннадий Головкинмен келісе алмаған жағдайда кіммен жұдырықтасуы мүмкін екенін жазды. Оның ішінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам бар. Бұған дейін екі боксшы қолғап түйістіреді деген ақпарат бар болған. 2 мамыр күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы "Канело" мен Сондерс бокс кешінің андеркартында Қанат Ислам мен Хайме Мунгуйя жұдырықтасуы қажет еді. Алайда коронавирус пандемиясының салдарынан бокс кеші өтпей қалды. 

Дегенмен Қанат Ислам 20 ақпан күні шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек кеші Майамиде өтеді деп жоспарланған. Ал қарсыласы кім болатыны белгісіз. Қазір Қанат АҚШ-та жаттығу жасап, жаттықтырушысы Роджер Ромамен дайындығын шыңдауда.

Қанат Ислам жұдырықтаспағалы 1 жылдан асты. Соңғы рет 2019 жылдың 26 қазанында Алматыда намибиялық боксшы Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен ұтқан болатын.

07 ақпан 2021 ж. 652 0