Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде дзюдодан жастар арасында ел біріншілігі өтіп жатыр

Ақтөбеде дзюдодан жастар арасында ел біріншілігі өтіп жатыр

Татами бәсекесіне еліміздің барлық өңірінен балуандар келді. 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы чемпионатқа 700-ге жуық балуан жиналған. Санитарлық талаптарға сәйкес жарысты онлайнда әлеуметтік желілер арқылы тамашалауға болады. Біріншілікке қатысып жатқан спортшылар мен төрешілер, бапкерлер ПТР-тестілеуден өтіп, тиісті анықтама алды. Төрт күнге созылатын жарыста 16 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады. Самат Жылқыбаев, Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры: - Соңғы Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы 8 алтын, 7 күміс медальмен Азия құрлығында командалық есепте бірінші орын алғанбыз. Әлем чемпионатында 2019 жылы өздеріңіз білесіздер, Алматыда өткіздік. Ол кезде төрт медаль болды. Бір алтын, екі қола, бір күмісіміз болды. Жасөспірімдеріміз шын мәнінде бізді жақсы қуантып жатыр.

24.kz
19 ақпан 2021 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930