Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміз каратеден Азия чемпионатында 15 медаль еншіледі 

Еліміз каратеден Азия чемпионатында 15 медаль еншіледі 


Қазақстанның каратэ командасы (кадеттер, жасөспірімдер және 21 жасқа дейінгілер) Малайзияның Кот-Кинабалу қаласында өткен Азия чемпионатын 15 медальмен аяқтады. Додаға жалпы 33 елдің 500 спортшысы қатысты. Ең жақсы нәтижеге Жапония және Қазақстан құрамалары қол жеткізді. Біздің спортшылар кумитэ бойынша өздерін көрсете алды. Финалда Қазақстанның 12 спортшысы өнер көрсетті. Алайда алтын медаль тек Никита Тарнакинге бұйырды. 21 жасқа дейінгі жастар арасында 75 кг салмақ санатында Жаңбыр Бейбарыс финалда жапон спортшысын жеңіп, құрама қоржынына тағы бір алтын медаль салды. Жүлдегерлер қатарын Бекзадаев Илияс (60 кг) пен Үсенова Гүлмира (61 кг) толықтырды. «Былтыр 5 алтын, жалпы 17 медаль еншілеп едік. Малайзиядағы чемпионатта 4 алтын, жалпы 15 медальмен шектелсек те, жалпыкомандалық есепте Жапониядан кейінгі екінші орынды сақтап қалдық. Ересектер арасындағы жарыстарға қосылып жатқан спортшыларымыз қуантты. Дегенмен, чемпионат кемшіліктерімізді айқын көрсетіп берді, оларды жою үшін бапкерлер штабы жұмыс істейді», - дейді команданың бапкері Шаттық Қажымұқан.

www.24.kz
29 сәуір 2019 ж. 511 0