Пауэрлифтинг шеберлерінің жарыс кестесі шықты
Жуырда ғана пауэрлифтинг шеберлерінің жарыс кестесі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған сәйкес биылғы ел чемпионаты наурыздың басында елордада өтеді. Ал мамыр айында ел спартакиадасы бар. Яғни негізгі бәсекелерді көктемде өткізіп үлгеру керек. Одан кейін паралимпиаданың қарбаласы басталады. Яғни, ішкі біріншіліктер нәтижесінде ұлттық құрама жасақталып, лицензиялық бәсекелерге қатысады. Қазір барлық спортшы бірер аптадан кейін басталатын чемпионатқа дайындалып жатыр. Карантинге байланысты олар бір жылдан аса уақыт ешқандай жарысқа қатыспады. Айта кетейік, Токиодағы паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.
www.24.kz