Алматылық 6 спортшы Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алды
Санжар Мәдиев, Денис Ганкин, Ильфат Абдулин есімді мергендер жекелеген және топтық сында өнер көрсетеді. Қалған екеуі жеңіл атлет Айман Ратова мен грек рим күресінің шебері Асхат Ділмұхамедовке тиесілі. Жалпы былтыр өңір саңлақтары әр түрлі деңгейдегі жарыстан 2500 мыңнан аса медаль жеңіп алған. Бұл жүлде қоры алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 процентке көп. Өңір спортының өркендеуіне үлес қосып жүрген спортшылар бүгін сый-құрметке бөленді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жылды қорытындылап, үздіктерді марапаттады. Төртжылдықтың басты додасында өнер көрсететіндерге сәттілік тіледі. Ел намысы сынға түсетін байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін жеткізді. Айман Ратова, спорттық жүрістен халықаралық дәрежедегі спорт шебері: – Оқу жаттығулар белсенді түрде өтіп жатыр. Қазақ елінің үмітін ақтауға тырысамын. Ол үшін көп еңбек еттік, тер төктік, үлкен мақсатыма жетем деген үміттемін.
https://24.kz