Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Месси мен Хэмилтон жыл спортшысы атанды

Месси мен Хэмилтон жыл спортшысы атанды

«Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Месси әлем бойынша жылдың үздік спортшысы атағына ие болды. Аргентиналық ойыншы бұл марапатқа ие болған алғашқы футболшы. Месси Берлин қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алған жоқ. Сондықтан ол көпшілікке бейнеүндеу жіберіп, өз алғысын білдірді. «Бұл – мен үшін үлкен абырой. Футболшылар арасында алғаш рет осы атаққа ие болғанымды мақтан етемін», – дейді Месси. Формула бір автосайысының жүйрігі Льюис Хэмилтон да жыл үздігі қатарынан көрінді. Британ автоспортшы 2008 жылы да марапат алғанын айта кетейік. Биыл алғаш рет «Спорттағы Оскар» атағын екі спортшы бөлісті. Месси мен Хэмилтон сауалнама қорытындысы бойынша бірдей дауыс жинаған. Олар теннисші Рафаэль Надаль мен гольф шебері Тайгер Вудсты және мотоспортшы Марк Маркестен озып кетті. Жеңіл атлет Элиуд Кипчоге де таңдаулылар тізімінде болды.



18 ақпан 2020 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728