Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Месси тарихи рекорд орнатты

Месси тарихи рекорд орнатты

Форвард «Барселонаға» көшбасшылығын нығайтуға көмектесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Каталондық барселона Испания чемпионатының 19-шы туры аясындағы матчте «Эйбарды» ойсырата жеңді. Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

Алаң иелері сапынан Луис Суарес дубль жасады (19 және 59-шы минуттар), үшінші голды Лионель Месси 53-ші минутта соқты. Аргентиналық форвард үшін бұл доп Испания чемпионатында өткізген 435 матчтегі 400-ші гол.

Осылайша, Месси бұл межеге жеткен алғашқы футболшы болып отыр. Испания чемпионатының тарихындағы голдар саны бойынша екеніші орында Криштиану Роналду.
Ол мадридтік «Реал» үшін 292 ойында 311 гол салған. Премьераның биылғы маусымындағы жалпы 17 матчте Месси 17 гол салып, он нәтижелі пас берді. 43 ұпай жинаған «Барселона» чемпионатта көш бастап тұр, мадридтік «Атлетикода» бес ұпай кем. Ал «Эйбар» 22 балмен 16-шы орында.
24.kz
15 қаңтар 2019 ж. 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930