Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » UFC президенті Хабиб - Конор реваншы өтуі мүмкін уақытты айтты

UFC президенті Хабиб - Конор реваншы өтуі мүмкін уақытты айтты

UFC президенті Дана Уайт Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедов - Тони Фергюсон жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесетінін растады. Нурмагомедов Фергюсонды жеңсе, Хабиб пен Конордың реваншы күзде өтеді, - деп хабаралайды Vesti.kz.

"Хабиб пен Тони Бруклинде жекпе-жекке шығады. Конор жеңімпазбен кездеседі. Ол күткісі келмейтінін айтты, бірақ мен оған не маңызды екенін білмеймін. Рамазан айы Хабиб пен Тони жекпе-жегінен кейін басталады. Конор оның аяқталуын күтеді, сондықтан күз мезгілі туралы айтып отырмыз. Қыркүйек, қазан немесе қараша", - деп жазған "Чемпионат" Уайттың ESPN-ге берген сұхбатына сілтеме жасап.
Нурмагомедов пен МакГрегордың алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың қазан айында өткен. Келесіде Хабиб 2020 жылдың 19 сәуірінде Фергюсонмен кездеседі. Ал МакГрегор 18 қаңтарда октагонға оралды, ол Дональд Серронмен жекпе-жекке шығып, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
02 ақпан 2020 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930