Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына Жапонияда жаттыға алады

Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына Жапонияда жаттыға алады

BAQ.KZ. Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына қатысты оқу-жаттығуларын Жапонияда өткізе алады, деп хабарлады prosport.kz.

Бұл тұрғыда қос ел өкілдері арнайы меморандуға қол қойды. Елордада өткен жиында алдағы байрақты бәсекенің маңыздылығы сөз болды. Осыған байланысты Ұлттық олимпиадалық және паралимпиадалық құрамалар Нара аймағындағы Кашихра қаласында дайындықты пысықтайтын болды. Ол жерде жерлестерімізге арналған жаттығу лагері бар.

Бұған қоса, кездесу барысында Токио Олимпиадасына тігілетін костюмдердің дизайнына қатысты қос тарап бір-біріне қолдау жасау жөнінде келісім жасалды.

Бұл меморандумның қос ел спортшылары үшін маңызы зор. Осының арқасында ұлттық құрамаларымыздың нәтижесі жақсы болады деген үміттеміз. Қазақстан және Жапония тарапы алдағы Олимпиададан бірнеше алтын алуды көздеп отыр, - деді Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаи.

27 қараша 2019 ж. 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031