Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Надаль мен Джокович елордада теннис орталығын ашты

Надаль мен Джокович елордада теннис орталығын ашты

BAQ.KZ. Жаңа теннис орталығы Жерұйық-2 мекенжайында орналасқан. Мұнда 8 корт бар.

Нұр-Сұлтанда жаңа теннис орталығының ашылу салтанаты өтті. Оған әлемдік теннисшілер Рафаэль Надаль және Новак Джокович, сондай-ақ Қазақтан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов қатысты.

Қазақстанның әр өңірінен жиналған 500 теннисші бала естелік фотоға түсіп, қолтаңба алды. Бұл балалар ел чемпионатына қатысқан.

"Біз Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан келдік. Біздегі Smash орталығында 300-ге жуық бала жаттығады. Нұр-Сұлтанда қазір 10 жасқа дейінгі балалар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр. Соған қатысуға және бүгінгі Надаль мен Джоковичтің матчын тамашалауға 40 бала алып келдік... Джококичті бұрын Дубайдағы турнирде көргенмін. Ал, Надальды алғаш рет көріп тұрмын. Мұндай кездесулер балаларды жігерлендіреді. Олармен естелік фотоға түсіп, өздеріне мотивация алады. Кім білсін, болашақта біздің балалардың арасынан осындай әлемдік теннисші шығар", - деді ШҚО Өскемен қаласының бас жаттықтырушысы Игорь Дзабаев.

Айта кетсек, бүгін сағат 19.00-де "Барыс Аренада" Надаль мен Джокович арасында қайырымдылық матчы өтеді.

Әлемнің бірінші және екінші ракеткасы Нұр-Сұлтанға кеше түнде келді. Бүгін олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Новак Джокович Қазақстандық теннисшілермен ойынды асыға күтетінін айтты.

24 қазан 2019 ж. 672 0