Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчына билеттер қанша тұрады

"Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчына билеттер қанша тұрады

Еуропа Лигасының Нұр-Сұлтанда өтетін ойындарының билеттері "Астана" клубының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz
Еуропа лигасы аясында "Астана" сербиялық "Партизанмен", голландиялық АЗ-мен және ағылшынның "Манчестер Юнайтедімен" ойнайды.
Матчтарды екі санатқа бөлу туралы шешім қабылданды, бірінші санаты – "Манчестер Юнайтедпен" үйдегі ойын. Бұл ойынға билет бағасы – санатына байланысты 4 мыңнан 55 мың теңгеге дейін жетеді.
Екінші санаттағы матчтар – AZ және "Партизанға" қарсы ойындар, ол матчтарға билет 1500 теңгеден 12000 теңгеге дейін болады.
Әрбір матчқа билет сату ойын болатын күндердің алдында ашылады.
Манчестер Юнайтедпен болатын матч:

Баға жүйесі мынадай:
1-ші санаттағы билеттер - 55 000 (елу бес мың) теңге;
2-ші санаттағы билеттер - 40 000 (қырық мың) теңге;
3-ші санаттағы билеттер - 25 000 (жиырма бес мың) теңге;
4-ші санаттағы билеттер - 16000 (он алты мың) теңге;
5-ші санаттағы билеттер - 11,000 (он бір мың) теңге;
6-шы санаттағы билеттер - 4000 (төрт мың) теңге.
AZ және Партизанмен өтетін матч:
1-ші санаттағы билеттер - 12000 (он екі мың) теңге;
2-ші санаттағы билеттер - 7000 (жеті мың) теңге;
3-ші санаттағы билеттер - 4 000 (төрт мың) теңге;
4-ші санаттағы билеттер - 3000 (үш мың) теңге;
5-ші санаттағы билеттер - 2 000 (екі мың) теңге;
6-шы санаттағы билеттер - 1500 (бір мың бес жүз) теңге.
15 қыркүйек 2019 ж. 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930