Болат Манкенов: Бізге мұндай арналардың қажеті жоқ!
Бокстан Astana Arlans командасының бұрынғы президенті, промоутер Болат Манкенов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан үшін маңызды спорттық іс-шаралардың тікелей эфирде көрсетілмейтініне наразылық білдірді.
- Болат Тоқтарұлы, қазақстандықтар мемлекеттік телеарналарда бокстан Азия чемпионатын толығымен көре алмады. Сондай-ақ футзалдан Чемпиондары лигасының тікелей трансляцияларда көру бақыты бұйырмады. Неліктен біздің спортта мұндай жағдайлар жалғасуда?
- Егер халық қызығушылық танытпаса, онда бұл спорт дамымайды, дұрыс па? Егер қызығушылық бар болса, тікелей эфирге кедергі жасауға ешкімнің құқығы жоқ. УЕФА Чемпиондар лигасын алып қараңыз. Еуропада бұл спорт түрін көрсететін арнайы телеарналар бар. Егер олар мұндай үлкен айтулы оқиғаны көрсетпей қойса, халық бұл арнаны мүлдем қарамай қояды, бас тартады. Осылайша, аталмыш телеарна шығынға ұшырайды. Бокстан Азия чемпионаты мен Азия ойындарына келетін болсақ, Қазақстанда спорттық арналар бола тұра, осындай турнирлердің эфирде көрсетілмеуі өте дұрыс емес нәрсе деп ойлаймын. Бұл жерде қандай да бір себеп бар екенін білмеймін. Телеарна иелері сайыс ұйымдастырушыларына алдын-ала байланысып, кімнің құқықтар мен келіссөздер жүргізетінін анық біліп алуы керек. Халыққа айтулы оқиғаларды көрсетуге ұмтылуы қажет. Иә, мұнда көптеген нюанстар бар, бірақ олар құрлықтық біріншілікті көрсетуге рұқсат алуға да тырыспады. Шынымды айтсам, мен Qazsport арнасын ешқашан көрмеймін.
- Неге?
- Өйткені, бұл қызық емес. Біріншіден, операторлармен үлкен мәселелер бар бұл жерде. Құдды, кәсіби маманның түсірілімі емес секілді. Шабуыл басталады, аяғы жоқ. Камера көп жағдайда қуып жете алмай жатады. Футболда бұл жиі қайталанады. Білмеймін, мүмкін оларда техникалық арсенал жоқ шығар? Әлде кездейсоқ адамдар отыра ма?
- Жағдай бірнеше жылдар бойы қайталанып келеді. Өйткені, сіз Astana Arlans кәсіби бокс клубының президенті болған кезде «Хабар» сіздердің жекпе-жектеріңізді көрсетсе, «Qazsport» көрсетпеді...
- Мінеки, мәселе қайда жатыр! Менің жауап беруім қиын, өйткені, мен бұл спорт арнасын мүлдем көрмеймін.
- Бізге мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен осындай телеарна керек пе?
- Әрине, керек емес. Мүлдем керек емес. Өзі ісін білетін мамандар басында болуы керек. Үлкен жарыстарды көрсетіп ғана қоймай, қызықты, мазмұнды жобалар ойлап табуы қажет. Оны сапалы түрде халыққа көрсете білу керек. Сіз дәмі жоқ, сапасы жоқ нанды сатып алмайсыз ғой. Сондықтан кез келген жағдайда, біріншіден сапалы өнім болу керек. Кәсіпкерліктің сәтті болуы үшін өнім қызықты болуы керек. Әйтпесе, ешкім оны сатып алмайды. Спортта да - сол жағдай.
Түпнұсқасы:Prosports.kz