Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық велоспортшылар Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Отандық велоспортшылар Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айында олимпиадалық спорт түрлерінен бірнеше Азия чемпионаты өтті. Оның ішінде, Ташкентте жалауы желбіреген велоспорттан құрлық додасы да бар. Аталған жарыс Қазақстан командасы үшін өте сәтті аяқталды. Себебі Қазақстан командасы олимпиаданың бір жолдамасын жеңіп алды, деп жазды Olympic.kz.

«Азия чемпионатында жігіттер жарады. Қоржынымызда алты алтын медаль бар. Жалпы есепте бірінші орын иелендік. Кәсіби спортшыларымыз мүмкін болған үш алтынның барлығын иеленсе, 23 жасқа дейінгі жастар бір алтын, күміс және қола иеленді», - деді бас бапкер.  
Бас бапкердің айтуынша, бұл керемет нәтиже және олар ойлағандарын толығымен жүзеге асырған.
«Біз үшін әрбір жарыстың орны бір бөлек. Біріншіден, құрлық чемпионатында 555 рейтингілік ұпай жинадық. Екіншіден, Азия чемпионаты лицензиялық турнирлер санатында екенін ұмытпау керек. Біз бір жолдама иеленіп үлгердік. Қазан айында ұпайлар толығымен есептеледі, сол кезде қанша жолдама алғанымыз анық болмақ. Сондай-ақ, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына біздің елден кім баратынын анықтаймыз», - деді Базаев. 

 

30 сәуір 2019 ж. 945 0