Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Зидан "Реалға" сәттілік әкелмеді

Зидан "Реалға" сәттілік әкелмеді

Франциялық наурызда мадридтіктерді қайта жаттықтыра бастады. 

Франциялық бапкер Зинедин Зиданның "Реалға" оралуы мадридтіктерді кеселдерден құтқарған жоқ. 

Испания чемпионатының 32-ші турында мадридтіктер "Леганеспен" тең түсті - 1:1. 

Opta мәліметінше, Зидан келгелі "Реал" қақпасына орташа алғанда ойын сайын 1,5 гол өткізеді екен. Бұл мадридтік клубты Сантьяго Солари мен Хулене Лопетеги жаттықтырумен салыстырғанда көп - 1,05 және 1,4. Бұл бапкерлер 2018/19 маусымы кезінде қызметтерінен босатылған. 

Зидан "Реалға" 2019 жылдың 11 наурызында келген. Одан бері мадридтіктер Испания чемпионатында бес матч өткізді: 3 жеңіс, бір рет тең ойын және бір рет ұтылды. 2016-2018 жылдары "Реал" Зиданның жаттықтыруымен Чемпиондар лигасын үш рет қатар ұтқан. 

Қазір "Реал" 61 ұпаймен турнир кестесінде үшінші келеді, "Атлетикодан" төрт ұпай, ал "Барселонадан" 13 ұпай артта. "Леганес" 41 ұпаймен 11-ші орында.
17 сәуір 2019 ж. 1 096 0

Қоғам

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
10 қыркүйек 2026 ж. 71

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930