Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетістік пен табыс жолында

Жетістік пен табыс жолында


Мемлекет ­басшысы ­Нұрсүлтан назарбаев­ «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесті, – деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде жоба­ның екінші кезеңіне қатысушылардың жетіс­тіктерімен танысты.
Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту жолында жастарымыздың әлеуетін пайдаланудың маңызды екенін атап өтті.
– Бәріңіз де – тәуелсіздіктің пер­зен­ті­сіз­­дер­. Біз – бабаларымыздың арманын жү­­­­зе­ге­ асырған ұрпақпыз. Енді сіздердің уа­­­қыт­та­рыңыз келді. Мұны ұмытпауға тиіс­сіз­­­дер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы тәуелсіз Қазақстанның қа­лып­та­су тарихына тоқталып, жастар үшін ашыл­ған­ мүмкіндіктер туралы әңгімеледі.
Қазақстан Президенті еліміздің білім жә­не­ ғылым саласының даму қарқынын сақ­­тау­дың әрі оны еселей түсудің ма­ңыз­ды­лы­ғы­ туралы айтты.
– Жасанды интеллект, ақпараттық техно­логиялар, биоинженерия, нанотехнология – осы инновацияның бәрі бізді алға же­телейді. Сондықтан, біз стартап жобалары­ үшін ЭКСПО павильондарының бірінде жа­ңа зертханалар аштық, – деді Мемлекет бас­­шысы.
Елбасы жобаға қатысушылардың же­тіс­­тіктеріне тоқталып, жастардың тұл­ға­лық және кәсіби тұрғыдан өсуі үшін өз мүм­кін­дік­­тері мен уақытын тиімді пай­да­ла­ну­дың ма­ңызды екенін атап өтті.
– Бәрі де адам мен оның ерік-жігеріне бай­ланысты. Біз армандай білуге және көз­деген мақсатымызға жету үшін әрекет етуге тиіспіз. Бұл байқауға қатысушылар – өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Сіздер өз еңбектеріңіздің нәтижелері арқылы бұл өмір­­­де бәріне де қол жеткізуге болатынын көр­сеттіңіздер, – деді Нұрсұлтан ­Назарбаев.
Қазақстан Президенті бас қаламыз – Ас­тананың салыну тарихы жөнінде егжей-тег­­­­жейлі әңгімеледі.
Елорда – бұл, ең алдымен, адамдар. Мұнда озық медициналық клас­тер­ құ­ры­лып, керемет опера театры мен бі­регей спорт кешендері бой кө­терді. Астананың даму деңгейі мен тұр­ғын­да­ры­ның­ тұрмыс са­пасы артып келеді, – деді Мем­лекет бас­шысы.
Нұрсұлтан Назарбаев елімізді дәйекті дамыту ісіндегі белсенді жастардың рөлін атап өтті.
– Сіздердің әрқайсысыңыз Қазақ­стан­ның болашағына үлес қосып келесіздер. Ке­­­лешегіміз білімді, өзіне сенімді, бірнеше тіл­ді меңгерген азаматтардың қолында. Оған сіздердің мүмкіндіктеріңіз жетеді, – де­ді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы ұлттық экономиканы дамыту және өсімнің жаңа көздерін ашу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды.
– Егер біз пайдалы қазбаларға үміт артатын болсақ, онда қаражатсыз қаламыз. Сондықтан, экономиканы өзгеше қалыптастыруға мүмкіндік беретін индустрияландыру процесін іске асыруды бастадық.
Алты жыл ішінде 1200 зауыт пен фабрика салдық. Бұл жұмысты жалғастыра береміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті ауыл шаруа­шы­лы­ғын дамытудың, ғылымның әлеуеті мен технологиялық прогрестің жетістіктерін пай­даланудың маңызды екеніне назар аудар­ды.
– Барлық нәрсенің негізі еңбекте. Ең­бек­тің арқасында жеткен жетістік адамды бақытты етеді, – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жобаға қатысушылардың бәріне ризашылық білдіріп, Қазақстан жастарын елімізді одан әрі дамыту ісіне белсенді атсалысуға шақырды.
16 ақпан 2019 ж. 966 0