Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді сақтандыру полисін алып жүрудің қажеті жоқ

Енді сақтандыру полисін алып жүрудің қажеті жоқ


Сақтандыру келісімшартына отыру әлі де міндетті. Десе де, ендігәрі қағаз полисті алып жүрудің қажеті жоқ. Ал көліктің сақтандырылғаны жайлы мәліметті тәртіп сақшылары электронды деректер базасынан алатын болады, деп хабарлайды kolesa.kz.Егер ғаламторға қосылуға мүмкіндік болмаса, телефонның не рацияның көмегімен кезекші бөлімге хабарласып, ондағы әріптестерінің көмегіне жүгінеді.
Азаматтардан қағазға басылған полисті сұрауға полицейлердің құқығы жоқ. Тәртіп сақшысы тоқтатқан жағдайда, көлік тізгініндегі азамат жүргізуші куәлігін не уақытша куәлікті, техникалық төлқұжатты (КҚТК), ал қажет болған жағдайда — жол парағын, алып жүрген жүктің құжаттарын (тауарлық-көліктік жүкқұжатын) және т.б. көрсетуі тиіс.
Әкімшілік кодекстегі қағаз сақтандыру полисінсіз көлікті басқарғаны үшін айыппұл салынатыны туралы бөлік күшін жойды.
06 қаңтар 2019 ж. 1 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930