Сенімді диалог алаңы
Еліміз Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты бейбітшілік үдерісін ілгерілету мақсатында тараптарға кездесу алаңын ұсынған болатын. Алматыдағы Достық үйінде Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян арасында келіссөз басталды.
Фото: newsroom.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу екі ел арасындағы даулы мәселелердің түйіні түбегейлі тарқауына тілектестік білдіріп, Алматы ТМД елдері үшін тарихи оқиғалардың орталығы болғанын атап өтті. Бұл ретте КСРО-ның 11 елі қол қойған 1991 жылғы Алматы декларациясын айрықша атауға болады. Сондықтан келіссөзге Алматы арнайы таңдалғанына Армения мен Әзербайжан Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестері екеніне тоқталды.
«Әзербайжан мен Армения – біз үшін жақын елдер. Тараптарға жемісті жұмыс пен сенімді диалог тілеймін», деді М.Нұртілеу.
Екі елдің сыртқы саяси ведомстваларының басшылары 1991 жылғы Алматы декларациясының Әзербайжан мен Армения арасындағы қатынастарды реттеу, оның ішінде шекараны делимитациялау процесінде маңызды рөл атқарғанын ескере отырып, Алматы қаласындағы кездесудің символдық сипатына мән берді.
«Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үдерісі бойынша тұрақты кездесулер өтіп, бейбіт келісімге келу бағытында бірқатар қадам жасалып жатыр. Бізге кездесу алаңын ұсынған Қазақстанға алғыс айтамыз. Делегациялар соңғы рет екі ай бұрын Берлинде кездескен болатын. Тараптар бейбітшілік келісіміне келу үшін, олардың ұстанымдарын көрсететін құжаттармен алмасу жүргізілді», дейді Джейхун Байрамов.
Келіссөздердің нақты қандай шешіммен аяқталатыны әзірге белгісіз. Кездесуге келген тараптар өз талап-тілектерін ортаға салған жүздесуді журналистердің қатысуынсыз жалғастырды.
«Армения бейбітшілік келісіміне нақты мән беріп отыр. Біз келіссөз үдерісіне тиянақты қатысамыз. Меніңше бейбітшілік келісіміне қол қоюмен шектеліп қалмай, әрі қарай қадам басуымыз керек. Барлық көлік инфрақұрылымы олар өтетін елдердің егемендігінде қалатынын ескеріп, басқа да нәзік мәселелерге мейлінше мән берген абзал. Екіжақты бейбітшілік үдерісін ілгерілетуге алаң ұсынып, белсенділік танытқан Қазақстан Президентіне алғыс айтқым келеді. Бүгінгі келіссөздер осы үдеріске өз үлесін қосатынына сенім білдіремін», деді Арарат Мирзоян.
Айта кету керек, келіссөздер отырысына дейін Алматыға келген қос елдің Сыртқы істер министрлері Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесіп, өңірлік экономикалық және көліктік өзара байланысты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында елдер арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланып, тауар айналымы мен транзиттік-көліктік әлеует көлемін ұлғайту жайы сараланды.

АЛМАТЫ