Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен департамент басшысы   Қожахметов Қанат Оспанұлы, облыстық мәслихаттың хатшысы  Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы, Қызылорда облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Сыздықов Пірмұхаммед Айтбайұлы Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарына арнайы іс-сапармен барып аудандардағы бірқатар кәсіпорындардың жұмыс барысымен танысып, шаруа қожалық басшыларымен кездесу өткізді.
Аудандардағы іс-сапардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің қазіргі таңдағы жағдайларымен танысу, ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау бойынша проблемалық мәселелерін анықтау және Агенттіктің кәсіпкерлер тап болатын барлық процестерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу арқылы бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған «Protecting business and investments» (бұдан әрі – PBI) жобасы жайлы ақпараттандыру.
Кездесулер барысында кәсіпкерлерді департамент басшысы Қанат Оспанұлы Агенттіңтің бастамасымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және қоғам өкілдерінің қатысуымен  ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау саласына кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау басталғаны туралы ақпараттандырды.
Мұндағы басты мақсат – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.
Өз кезегінде шаруа қожалық басшылары ауданда болып жатқан жағдаймен ашық бөлісіп, субсидия алу кезінде бірқатар қиыншылықтар бар екенін хабарлап және аудандағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бірқатар пікірлер айтты.
Шара барысында - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарының күшейтілгенін, ол үшін бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданғанын атап өтілді.
Сонымен қатар, департамент басшысы аудан әкімінің қатысуымен әкімдіктерде қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтардан түскен сауалдар мен ұсыныстар бойынша тиісті ақпараттар беріліп, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
01 шілде 2021 ж. 811 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (8950)

03 желтоқсан 2021 ж.

№95 (8949)

30 қараша 2021 ж.

№94 (8948)

26 қараша 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам