Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ-нің ұжымымен Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде кездесу өтті

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ-нің ұжымымен Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде кездесу өтті

2021 жылы 15 ақпан күні «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ-нің ұжымымен Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы - бірінші орында ұжымда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруды, қызметтерін заң шеңберінде адал атқарудыжәне тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттар берді.
Өз кезегінде «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ-нің Шамшатова Айгүл Бердібекқызы ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралардың тұрақты түрде жүргізіліп отыратындағын атап өтіп, 2020 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша хабарлама жасады.
Шара соңында ұжым тарапынан заң нормаларына енгізілген өзгерістер жайлы қойылған сауалдарға жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
16 ақпан 2021 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (8871)

01 наурыз 2021 ж.

№16 (8870)

26 ақпан 2021 ж.

№15 (8869)

23 ақпан 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам