Заң нормалары түсіндірілді
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы Zoom платформасы арқылы Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кездесуге ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы қатысты.
Кездесуге департаменттің, өңіріміздегі мен бөлімдердің қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеттерінің бірі – парасаттылық идеологиясын ілгерілету және жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылатындығын атап, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әрбір азаматтың мәселесіне терең үңілуге және қос тараптың қарым-қатынасы нәтижесінде туындайтын әкімшілік кедергілер мен негізсіз әуре-сарсаңдарға жол берілмеуін қамтамасыз ету қажеттігін назарға ұсынды.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде Болатбек Серікбайұлы – мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету кез келген қызметте тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоятындығын атап өтіп, қатысушыларды адалдық, адамгершілік, шыншылдық, тазалық принциптерін ұстануға шақырып, парасатты қоғам құруға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру үшін барлығымыз біріге жұмыс жасауымыз қажет екендігін хабарлады.
Шара соңында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалмақова Гаухар Амангелдіқызы 2020 жылғы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар жөнінде және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданып жатқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады.