«7-20-25», «Бақытты отбасы», «Әскери баспана»: Қазақстанда қолжетімді баспананы қалай алуға болады?
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 141 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Мемлекет елімізде тұрғын үй құрылысын дамытудың бірыңғай моделін әзірлеуде, оның негізгі қағидаты — тұрғын үйдің қолжетімділігін, әсіресе халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін арттыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту және қолжетімді мүмкіндіктер жасау мақсатында тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берген ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламаларын енгізуге бастамашы болды.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа тетіктерін біріктіреді. 2018 жылы «7-20-25» бағдарламасы іске қосылды, 5 жыл ішінде бұл бағдарлама 650 мың отбасыға немесе 2 млн-нан астам азаматқа баспаналы болуға жәрдемін тигізуі тиіс. 2019 жылы Елбасының бастамасы бойынша жеңілдік мөлшерлемесі 2% және бастапқы жарнасы 10% болатын «Бақытты Отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды.
Жыл соңына дейін кемінде 6 мың отбасы осы бағдарлама аясында тұрғын үй ала алады. Бірінші кезекте, көп балалы отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық беріледі. 2020 жылдан бастап осындай 10 мың отбасы жыл сайын баспанамен қамтылатын болады.
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде отбасы табысының түрлі деңгейлеріне сәйкес келетін бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуді тапсырды. Кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесін үш жыл ішінде шешу қажет, ал баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру керек.
Мемлекет 2022 жылға қарай осы мақсаттарға сәйкес 240 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Үкімет жыл соңына дейін жалдамалы пәтерлерге, сондай-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген баспана заемын алуға кезекте тұрғандарды есепке алудың ұлттық бірыңғай жүйесін құруы керек.Тұрғын үй кезегі жыл сайын 50 мың адамға артып келеді, ал әлеуметтік тұрғын үйлер 20 мың адамға пайдалануға берілуде.
Осыған байланысты, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша азаматтарды олардың мүмкіндіктері мен статустарына қарай тұрғын үймен қамтудың үдемелі жүйесін енгізу қарастырылады. Мысалы, сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үй табысы жоқ немесе табысы отбасының бір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз (29,7 мың теңге) болатын тұрғын үй кезегінде тұрғандарға беріледі.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселік шамасынан артық болмайтын (59,4 мың теңге) тұрғын үй кезегіндегілер үшін қолжетімді болады. ЖАО несиеге берілетін тұрғын үйлері табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселік шамасынан 3,1 еселік шамасына дейін (92 мың теңге) болатын тұрғын үй кезегіндегілерге берілетін болады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселік шамасынан табысы жоғары азаматтар «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның «Орда», «Баспана Хит», «7-20-25» бағдарламаларының, «ТҮҚЖБ» АҚ-ның «Өз үйім» бағдарламасының тектіктерін пайдалана алады.
Бұл тәсілдер мемлекеттік қолдаудың атаулығын қамтамасыз етеді және тұрғын үй құрылысын жоспарлау тиімділігін арттырады.
7 жылда қалалар мен өңірлер әкімдіктеріндегі тұрғын үй алу кезегі 3,5 есе өскен.
Тұрғындардың басым бөлігі үшін қолжетімді тұрғын үй салуда ауқымды шаралар қабылдауда «Бәйтерек» холдингі жүйелі рөл атқарады, себебі, ол «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы бірыңғай оператор. Мысалы, әкімдіктер өз облигацияларын шығару тетігі арқылы алатын қорландыру есебінен белгіленген баға бойынша несиеге берілетін тұрғын үй құрылысы мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді.
Бұл тетік әрбір 2 жыл сайын «револьверлік» принцип бойынша қаражатты айналдырып, ресурстарды қосымша бөлмей-ақ, жаңа құрылысқа қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Жыл сайын осы жүйеде 100 – 110 млрд теңге қаражат айналысқа түседі, бұл әкімдіктерге 12 мың несиеге берілетін тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғындарға жылдығы 5% болатын жеңілдікті тұрғын үй займдарын беру арқылы әкімдіктер салған тұрғын үйлерге сұраныс мен олардың өткізілуін ынталандырады. Бастапқы жарна тұрғын үй сертификаттарын пайдалану мүмкіндігімен 20%-дан кем емес болады.
Бүгінгі таңда ТҮҚЖБ жүйесінде жинақтау сомасы 716,7 млрд теңгені құрайтын 1,46 млн келісімшарт бар. Барлық кезеңде 1,52 трлн теңгеге 208 мыңнан астам заем берілді, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңінде 139 млрд теңгеге 18,3 мың заем берілді. 2005 жылдан бастап тұрғын үймен қамтылу деңгейі 23%-ға артып, 1 адамға шаққанда 21,6 шаршы метрді құрады. Елбасының тапсырмасы бойынша 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті БҰҰ стандарттарына дейін — 1 адамға 30 шаршы метрге дейін жеткізу қажет. Орта есеппен, тұрғындар санының өзгеруін ескерумен, қазіргі мәнімен салыстырғанда, 2030 жылға қарай тұрғын үй қорын 66%-ға арттыру қажет. Ол үшін жыл сайын жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынын 8-10% деңгейінде сақтап отыру қажет. Мынадай беталыс байқалып отыр: мемлекет әлеуметтік тұрғын үйлерді көптеп салған сайын, оған кезек те арта түсуде.
Қазіргі кезде әкімдіктердегі тұрғын үй кезегі 3,5 есе өскен ( 2012 ж. 1 қаңтарда — 147 мың, 2019 ж. 1 шілдеде — 512 мың адам). Бұған демографиялық процестер, кенттену және тұрғындардың еңбек көші-қоны себеп болып отыр. Орта есеппен алғанда, сұраныс жыл сайын 50 мың адамға өсуде, ал әлеуметтік тұрғын үй 20 мың адамға берілуде. Болжамдық есептеулер бойынша тұрғын үй кезегін жеделдетілген қысқарту үшін алдағы 10 жылға 6 трлн теңгеге жуық қаражат қажет, бұл 552 мың адамды тұрғын үймен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, бөлінген қаражат қайтарымды. Ол үшін ең төменгі күнкөріс деңгейін ескерумен кезекте тұрғандардың табысына байланысты тұрғын үйдің қолжетімділігі сатысы құрылады. Бірінші бағыт бойынша, табысы жоқ немесе табысы отбасының 1 мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрығн үй кезегінде тұрғандарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй берілетін болады. Екінші бағыт бойынша, отбасының бір мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 көлемін құрайтын тұрғын үй кезегіндегілерге жылдығы 2%, бастапқы жарнасы 10% болатын, 25 жыл мерзімге жеңілдікпен несиелендіру ұсынылатын болады («2-10-25»). Үшінші бағыт бойынша, отбасының бір мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 дейін болатын тұрғын үй кезегіндегілерге жылдығы 5% болатын, бастапқы жарнасы 20%, 25 жыл мерзімге несиеге берілетін тұрғын үй ұсынылады («5-20-25»).Төртінші бағыт бойынша, отбасының бір мүшесіне шаққанеда табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен асатын азаматтар жылдығы 7%, бастапқы жарнасы 20% болатын, 25 жыл мерзімге берілетін жеңілдікті несиелендірумен («7-20-25») және нарықтағы өнімдермен («Баспана-хит», «КИК-Орда», «Өз үйім» ТҮҚЖБ) баспаналы бола алады.
Бұл тәсілдер мемлекеттік қолдаудың атаулылығы мен қаражатты пайдалану тиімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, биыл маусым айында «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған жалға берілетін тұрғын үй» жеке бағдарламасы іске қосылды. Қаржыландыру көздері — қазақстандықтардың табысы мен ресурстарды нарықтық тарту. Қаражатты микширлеу және операциялық шығыстарды төмендету есебінен алдағы 2 жылда бұл өнімге 40 млрд теңгеге дейін қаражат бағыттау жоспарланған. Бұл еліміз бойынша 3 мыңға жуық дәрігерлер мен мұғалімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, ай сайынғы төлем бойынша жалға беру мөлшерлемесі жылына 3,1% құрайды.
2019 жылғы 1 қазандағы мәліметтер бойынша жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны 526 мың адамды құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,5 көп. Бұл ретте, негізгі үлесті — 44%-ды тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтары құрайды, 42% — мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдар жұмыскерлері мен әскери қызметкерлер.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қалай тұрғын үй алуға болады?
«Нұрлы жер» бағдарламасы ел тұрғындарының түрлі санаттарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуге бағытталады. Бағдарлама сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуда, несиеге берілетін тұрғын үй салуды, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды, жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуын ынталандыруды қамтиды. Жергілікті атқарушы органдар салған несиеге берілетін тұрғын үйді алу үшін, қажет: ТҮҚЖБ салымшысы болу;сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%-ынан кем емес көлемдегі бір реттік алғашқы жарнаны салу немесе жинағының болуы; ҚР азаматтығының немесе оралман статусының болуы;осы қалаларда тұрғын үй сатып алуға үміткер өтінім берушілер үшін өтініп берген сәтте кемінде екі жылға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуде болуы; тұрғын үйінің болмауын растауы; төлем қабілеттілігін растауы.
"Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 9 айдың қорытындысы бойынша несиеге берілетін тұрғын үй желісі бойынша 4 330 пәтер немесе 38,3% жылдық жоспарға 258,1 мың ш.м. салынды. Жалға берілетін тұрғын үй желісі бойынша 2 344 пәтер немесе 15,6% жылдық жоспарға 137,6 мың ш.м.Тұрғын үйлерді пайдалануға беруден көш басында — Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Өтінім беруші Бағдарлама талаптарына сай келген жағдайда оған 25 жыл мерзімге жылдық 5% мөлшерлемесі бойынша займ беріледі. Алдын-ала тұрғын үй займын алу үшін бастапқы жарна мөлшері – сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%-ынан кем емес. Аралық тұрғын үй займын алу үшін — сатып алынатын тұрғын үй құнының 50%-нан кем емес. Таза әрлеудегі ЖАО несиеге беретін тұрғын үй құрылысы мен өткізілуінің баға параметрлері 1 шаршы метрі үшін: Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және осы қалалар маңындағы аймақтарда, Шымкент, Атырау, Ақтау, Түркістан қалаларында 180 мың теңгеге дейін, басқа өңірлерде — 140 мың теңгеге дейін. Бағдарламаға ТҮҚЖБ салымшылары, оның ішінде ЖАО-да тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады. Сатылатын нысанда тұрғын үйлердің кемінде 50%-ы ЖАО кезекте тұрғандардың арасында бөлінеді. ЖАО-да кезекте тұрғандардың ішінде сұраныс болмаса, тұрғын үй ТҮҚЖБ басқа салымшыларына сатылады. Бағдарлама аясында салынған тұрғын үй бағасының нарық бағасымен салыстырғанда төмен болуына орай тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие. ТҮҚЖБ бағдарламасы іске асырыла бастаған сәттен бастап 19 300 займ берілді.
Биылғы жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 8,8 млн ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 99,8% құрайды. Жылдық жоспарға тұрғын үйді пайдалануға беру пайызы 67,7% құрады. Еліміз бойынша барлығы 76 484 тұрғын үй , оның ішінде – 32 779 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы еліміздің 9 өңірінде жалғасуда. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша Түркістан (130,3%), Қызылорда (120%), Алматы (116,6%), СҚО (116,4%), Қостанай (116,2%), Атырау (116,2%), Павлодар (110,9%), Ақтөбе (109%) облыстары және Шымкент (112,6%) қаласы көш басында.
Нұр-Сұлтан
Елордада 2019 жылдың тоғыз айында мемлекеттік инвестициялар есебінен 980-нен астам пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде: несиеге берілетін тұрғын үй – 250 пәтер, жалға берілетін тұрғын үй – 730-дан астам пәтер. Биыл жыл соңына дейін қала әкімдігі 650-ден астам пәтерді пайдалануға беретін болады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу
Осы жылдың басынан бері 364 пәтер берілді, оның 182-сі Нұр-Сұлтан қаласы (14 көпбалалы отбасы) әкімдігінде кезекте тұрғандар. Биылғы қараша айында аталған бағыт бойынша 250 пәтер беру жоспарланған, оның 125-і қала әкімдігінде кезекте тұрғандар. Сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйБұл бағыт аясында 2019 жылы 351 пәтер берілді, оның ішінде: 191-і – халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін, 160-ы – көп балалы отбасылар үшін. Осы жылдың қараша айында аталған бағыт бойынша 433 пәтер беру жоспарланған, оның 87-сі — көп балалы отбасыларға арналған.Сонымен қатар, қала әкімдігі жылжымайтын мүлік нарығынан 1050 пәтер сатып алу, оларды сатып алу құқығынсыз бес жылға дейінгі мерзімге жұмыс істейтін жастарға жалға беру жұмыстарымен айналысуда.
Алматы
2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 1200-нан астам несиелік пәтер, сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй желісі бойынша 305 пәтер бөлінді. Сондай-ақ, 2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз 282 пәтер таратылды.«Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 284 отбасы тұрғын үй сертификаттарына ие болды. 2019 жылдың шілдесінде «толық емес отбасылар», «көп балалы отбасылар», «мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санаттары бойынша жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған азаматтарға 2%-бен тұрғын үй займдарын беру басталды. Бағдарлама бойынша 1790 өтініш қабылданды. Қазіргі уақытта Банк Алматы қаласының кезекте тұрған азаматтарының 312 бағытын қарастыруда. Банк 109 несиелік қарыз берді.
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша тұрғын үйді қалай алуға болады?
«7-20-25» бағдарламасы қазіргі уақытта займ бойынша 7% төмен пайыздық мөлшерлемемен ең тиімді ипотекалық бағдарлама ретінде саналады, бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20% құрайды (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін тұрғын үйдің максималды құны — 25 млн теңге), займды өтеу мерзімі 25 жылға дейін ұзартылды.ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының тапсырмасымен 2018 жылы ҚР Ұлттық Банкі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын әзірледі.
Бағдарлама тұрғындардың көпшілігіне бастапқы нарықтан 25 жыл мерзімге, тұрғын үй құнының 20% бастапқы жарнасымен, жылдық 7% мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алуға арналған. «7-20-25» қолжетімді несие шарттарымен әрбір қазақстандық үшін тұрғын үй жағдайларын жақсартудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Қазақстанда тұңғыш рет тек құрылыс салушыдан бастапқы нарықтан баспана алуға болатын тұрғын үй бағдарламасы қабылданды, оны бағдарлама қатысушысы өзі таңдайды. Қарыз алушыдан заемды ұсынғаны және қызмет көрсетілгені үшін комиссия алынбайды. Сондай-ақ, кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыру міндетті емес, сақтандыру қажет болған жағдайда барлық шығындарды несие берген банк көтереді.
Бұған дейін әрекет етіп тұрған ипотекалық өнімдердің бірде-бірінде осындай несиелеу шарттары болған жоқ.«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алу үшін жеке тұлға бірнеше талаптарға сай болуы керек, олар:
● Қазақстан азаматтығы;
● меншік құқығында ҚР аумағында тұрғын үйінің болмауы;
● кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірістің болуы;
● ипотекалық несиелерінің болмауы.
Жалпы, Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бастап, осы жылдың 24 қазанындағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтардан 81,9 млрд теңге сомасына 5 980 өтінім қабылданды, оның ішінде 52,3 млрд теңге сомасындағы 3 790 өтінімді несие беруші банктер мақұлдады — бұл Қазақстанның барлық өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын, полиция департаментінде жұмыс істейтін білікті мамандар корпусын қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі баспана сатып алуға номиналы 1 млн теңге болатын тұрғын үй сертификаты түріндегі алғашқы жарнаның бір бөлігін жабады.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған қызмет салалары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінен 397 млн теңгеге 397 тұрғын үй сертификаты берілді.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға кім үміткер бола алады?
Қазақстанда төрт немесе одан да көп баласы бар 340 мыңға жуық көп балалы отбасы бар, оның ішінде 31 725 мың отбасы ресми түрде баспанаға мұқтаж отбасылар ретінде әкімдіктердің кезегінде тұр. 2019 жылдың шілдесінен бастап аталған санаттағы азаматтар үшін жылдық 2%-бен ипотекалық несиелендірудің «Бақытты отбасы» жеңілдетілген бағдарламасы іске қосылды. Бұл Елбасы бастамашы болған, аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға ұсынылған теңдессіз қолдау түрі. Бастапқы жарна — әкімдіктерден тұрғын үй сертификаттарын пайдалану мүмкіндігімен 10% басталады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және табысы төмен, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға несие беруге арналған.
Сонымен бірге, тұрғын үй құны Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 15 млн теңгеден аспауы керек және қалған өңірлерде — 10 млн-ға дейін.Бүгінгі таңда 2019 жылға 50 млрд теңге беру жоспарымен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 46,6 млрд теңгеге 4 589 өтінімді қабылдады, оның ішінде 29,3 млрд теңге болатын 2 875 заем берілді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейін жылдық беру жоспары кемінде 10 мың өтінімді немесе шамамен 100 млрд теңгені құрайды.Несие беру шарттары:несие мөлшерлемесі — жылдық 2%; бастапқы жарна — алдын-ала тұрғын үй заемын алу үшін — сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 10%; аралық тұрғын үй заемын алу үшін — сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 50%; займ мерзімі — 20 жылға дейін. займның нысаналы мақсаты ‒ бастапқы (соның ішінде ЖАО несиелік тұрғын үйі) және екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу; Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үй сатып алуға займның максималды сомасы 15 млн теңгеден аспайды, ал басқа өңірлерде 10 млн теңгеден аспайды; кепілзаттық қамтамасыз ету ‒ ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес келетін мүлік немесе сатып алынатын тұрғын үй.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бастапқы нарықтан баспана сатып алу үшін номиналы 1 млн теңге болатын тұрғын үй сертификаты түріндегі алғашқы жарнаның бір бөлігін өтейді. Бағдарламаға қатысу үшін 2 365 жолдама (834 көп балалы отбасы, 1 143 толық емес отбасы, 388 мүгедек балалары бар отбасы) берілді, оның ішінде 7,2 млрд теңге сомасына 521 несиелік заем берілді (198 көп балалы отбасы, 239 толық емес отбасы, 84 мүгедек балалары бар отбасы) көрсетілген саннан алғашқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін 1 млн теңгеден 50 тұрғын үй сертификаты берілді.
«Әскери баспана» бағдарламасының шарттары қандай? ТҮҚЖБ
«Әскери баспана» — жылдық 8%-бен жеңілдікті несиелендіру өнімін әзірледі. Мәлім болғандай, 2018 жылдың қаңтарынан бастап заңнамаға әскери қызметшілерге өздері алатын тұрғын үй төлемдері есебінен ТҮҚЖБ-да қаражат жинақтауға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықтардан сатып алуға болады. Бүгінгі таңда әскери қызметшілер жалпы түсімі 149,3 млрд теңге болатын 86,4 мың арнайы шот ашты. ТҮҚЖБ 99 млрд теңгеге 6,5 мың займ берді.Әлеуметтік маңызы бар мамандықтар бойынша да жекелеген бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылдың маусым айынан бастап мұғалімдер мен дәрігерлер үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы іске қосылды. 2019-2020 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы көлемі 40 млрд теңгені құрайды, бұл нарықта 3 мың пәтер алуға мүмкіндік береді. Жалға берілетін тұрғын үй жылдық 3,1%-бен бастапқы жарнасыз беріледі. Тұрғын үйді мерзімінен бұрын қандай да бір айыппұлсыз сатып алу құқығы қарастырылған. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктері, сондай-ақ, өңірлер бойынша да, тұрғын үймен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің тізімдерін құрастыруда. Жұмыс істейтін жастар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді қалай ала алады?
Жастар жылын іске асыру аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тетіктері енгізілді. Өтінім беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін өкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады: ● осы Ережеге қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш; ● өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (түпнұсқасы жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін ұсынылады); ● білім туралы құжаттың көшірмесі; ● неке туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда); ● балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда); ● өтінім беруші мен отбасының барлық мүшелерінің жылжымайтын мүлкінің жоқтығы (бар екені) туралы анықтама; ● жұмыс орнынан анықтама; ● өтінім берушінің 40 айлық есептік көрсеткіштен кем емес көлемдегі ай сайынғы табысын растайтын соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама; ● Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-ші бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар; ● банк есепшотының бар екені және нөмірі туралы анықтама және банк есепшоты бойынша ақша қалдығы мен оның аударылуы туралы көшірме; ● өтінім берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (болған жағдайда). Баллдарды есептеу баллдық жүйе бойынша жүргізіледі: ● нарықтағы аса сұранысқа ие 100 мамандық тізіміне сәйкес кәсіпті игерген өтінім берушіге – 10 балл; ● отбасылы болған жағдайда – 5 балл, некеде тұрған әр жылы үшін за – 2 балл; ● бір баласы болғаны үшін – 1 балл, одан кейінгі әр баласы үшін – 2 балл; ● кемінде 1 жыл жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін – 5 балл, за әр жылы үшін –1 балл; ● өтініш берушінің түрлі салаларда жеке жетістіктері болған жағдайда – 2 балл; ● бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар) – 5 балл, жұмыс өтілінің әр жылы үшін – 1 балл; ● екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттердегі) жинақтардың әр жылы үшін – 2 балл.Баллдар тең түскен жағдайда, өтінімді уақыты бойынша ертерек берген үміткерге басымдық беріледі.
Цифрлық технологиялдарды қолдану тұрғын үй құрылысында қалай көрініс береді?
«Бәйтерек» холдингі 2018 жылы маусымда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылатын нысандарға мониторинг жүргізетін интернет-порталды және Ситуациялық орталықты іске қосты. Портал өңірлердегі тұрғын үй нысандарының салыну барысы туралы электронды ақпаратты орналастыратын жергілікті атқарушы органдарға арналды. Аталған мәліметтердің барлығы интерактивті Ситуациялық орталықта нақты уақыт режимінде көрсетіледі. Бұл жоба бейнекамераларды, дрондар мен басқа технологияларды қолдана отырып салынып жатқан барлық нысандарға дистанциялық монторинг жүргізуге мүмкіндік береді. «Ақылды» камералар нысандардағы техниканы, құрылыс кезеңлері мен жұмыс күшінің қозғалысын аса жоғары дәлдікпен таниды.
Бөлінген қаражаттың игерілуін қадағалау және деректер талдауы негізінде тиісті шешімдер шығару мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі таңда электронды деректер базасы 300-ге жуық салынып жатқан нысанды қамтиды, оның әрқайсысы бойынша жан-жақты ақпарат бар. Техникалық бақылау өкілдері үшін арнайы мобильді қосымша жасалды, оол құрылыс алаңында телефоннан деректерді жүктеуге мүмкіндік береді. Толтыру тәртібі өндірістік жұмыстар кестесінен көрінеді, техникалық бақылау өкілі нысанда неше рет болғанын көруге болады. Сонымен қатар, осы жоба мысалында цифрландырудың ресурстарды қалай үнемдейтінін байқауға болады. Құрылыстың бұрынғы мониторинг форматы ақпаратты жинауға аптасына 8 жұмыс сағатын және біздің сарапшыларымыздың оларды жинақтап, талдауы үшін тағы 8 сағат уақытты қажет ететін. Жаңа портал бұл уақытты 8 есе қысқартады. Бүгінде ақпаратты алу үшін небәрі 1 сағат уақыт және оны өңдеу үшін 1 сағат қана қажет.
Мониторингтің цифрлық форматы жыл сайын холдинг бюджетінің 30 млн теңгеге жуығын үнемдейді. Өз платформасында тікелей тапсырыс берушілер мен делдалсыз жеткізушілерді біріктіре алатын «Онлайн Маркетплейстерді» қолдану арқылы инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үй құрылысын арзандатуға зор мүмкіндіктер туындады. Холдинг бұл бағыттағы жұмыстарды бастады. Бұл барлық тараптардың операциялық шығындарын орта есеппен 20%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте белгіленген бағалар бойынша ұзақмерзімді офтейк-келісімшарттар жүйесін енгізу үй құрылыс комбинаттарының және отандық құрылыс материалдарын өндірушілердің жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Маркетплейстер барынша ашық болуы тиіс және толық ақпарат беруі керек, бұл жосықсыз жеткізушілерді болдырмайды. Егер құрылыстың өзіндік құнында құрылыс материалдарының үлесі 55%-дан жоғары болатынын ескерсек, онда тұрғын үйдің 1 ш.м. үшін құрылыс бағасы орта есеппен 10%-ға төмендетіле алады.
Мұндай платформаларды жылжымайтын мүлік нарығы үшін де құру қажет, мұнда тұрғындар, коммерциялық банктер, девелоперлер, жеке құрылыс салушылар мен мемлекеттік органдар бірыңғай алаңға жиналып, өз қызметтерін ұсына алатын болады. 2017 жылдың тамыз айынан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша «Baspana.kz» жылжымайтын мүлік интернет-порталы іске қосылды, ол өз платформасында ТҮҚЖБ барлық клиенттерін, құрылыс компаниялары мен мемлекеттік органдарды біріктірді. Енді қазақстандықтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша онлайн-консультация, дайын және салынып жатқан нысавндар, шаршы метрінің құны және банк өнімдері туралы ақпаратты ала алады. Порталда 153 мыңнан аса қолданушы тіркелген, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 356 нысан орналастырылған. Онлайн-алаң арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға барлығы 222 мыңнан аса өтініш берілген, жалпы сомасы 155 млрд теңгеге белгіленген баға бойынша 17 мыңнан астам пәтер сатылған. 277 млрд теңге сомасына 29 мыңға жуық пәтер өткізілу сатысында. ІТ-қызметтер желісінің кеңейтілуімен және «Ақылды үй» жүйесінің элементтерінің енгізілуімен қолжетімді тұрғын үй экожүйесінің ауқымы біршама артады.
Мысалы, «Е-SHANYRAQ» ТКШ бірыңғай ақпараттық жүйесінің толыққанды режимде енгізілуі тұрғындарға үйді басқаруға онлайн қатысуға, басқарушы компаниялардың қаржыны нысаналы пайдалануына мониторинг жүргізуге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғындар нақты уақыт режимінде есептеуіштерінің көрсеткіштері мен бекітілген тарифтердің негізінде қойылған есептің дұрыстығын тексере алады. «Ақылды» есептеу құрылғыларын орнату көрсетілетін қзымет құнын орта есеппен 35%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Осылайша, құрылыс саласын толыққанды цифрландыру, SMART-технологияларды қолдану және байланыстың жаппай қолжетімді болуы негізінде Қолжетімді тұрғын үй экожүйесі қалыптасатын негізгі факторлардың бірі болып саналады, бұл өз кезегінде экономиканың іргелес салаларын ынталандырады. Түптің-түбінде мұның барлығы нәтижелі жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарын ашуға, тұрғындар үшін экономикалық және өндірістік ресурстар мен мүмкіндіктерге тең қолжетімділіктің болуына ықпалын тигізеді.
Құрылыстағы үлескерлік туралы нені білу керек?
Жеке құрылыс салушылар үшін тұрғын үй салудағы негізгі мәселе - қолжетімді қаржыландыру. Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылысындағы негізгі проблемалардың бірі - құрылыс салушылар үшін қорландырудың «қымбат болуы» және коммерциялық банктер тарапынан кепілдік базаны қамтамасыз ету бойынша талаптардың қойылуы. Егер 2009 жылы банктер қоржынында құрылыс үлесі 20%-дан асса, бүгінде бұл көрсеткіш 3 есе азайған және 7%-дан аспайды.
«Бәйтерек» холдингінің қаржы операторы ретінде нарық ресурстарын тартуға, ағымдағы қаржы ағымын микширлеуге, жеке құрылыс салушылар үшін қорландырудың қандай да бір «делдалдарсыз» арзандатуға мүмкіндіктері бар. Несие ресурстарын субсидиялау және кепілдендіру тетіктері арқылы құрылыс компанияларына қолдау көрсету мүмкіндігі бар. Мысалы, құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау арқылы «Даму» қор жалпы сомасы 91,6 млрд теңгеге 87 жобаға қолдау көрсетті.
Бұл құрылыс компаниялары үшін нарықтық насиелерді 50%-ға арзандатуға мүмкіндік берді. Тұрғын үй қорын кепілдендіру қоры арқылы үлескерлік тұрғын үй құрылысын кепілдендірудің қосымша жаңа тетігі адал жеке құрылыс салушыларға тұрғындардың қаражатын 0%-бен тартуға мүмкіндік береді. Коммерциялық нарықта өзінің немесе займ қаражаты арқылы тұрғын үй алғысы келетін азаматтар үшін үлескерлік құрылысты аяқтауға кепілдіктер беріледі.
Ең алдымен ол азаматтардың қаражатының сақталуына және жосықсыз құрылыс салушылардан қорғауға бағытталған. Ол үшін 2016 жылы тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы жаңа Заң қабылданды. Заң бойынша тұрғындардан үлескерлік құрылысқа қаражат тарту тек әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда немесе біздің еншілес ұйымымыз ‒ Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры тарапынан кепіл болғанда ғана рұқсат етіледі. Егер құрылыс компаниясы Қордан кепілдік алған болса, бұл ақпарат www.hgf.kz сайтында жарияланады.
Бүгінгі таңда жалпы сомасы 137,9 млрд теңгеге жобалар мақұлданды. Бұл тұрғындардың коммерциялық нарықта 9,8 мыңнан астам пәтерді сатып алуға салымдарын қорғауға мүмкіндік берді. Егер мұндай кепілдік болмаса, онда құрылыс салушының үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктен алған рұқсаты болуы керек, мұндай ақпаратты тиісті әкімдіктен нақтылауға болады. Мұны міндетті түрде білу керек, себебі, ақпарат нақты болмаған жағдайда бар жауапкершілік пен тәуекел үлескерге жүктеледі. Айта кетейік, заң бойынша үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктен құрылыс салушы тек екі жағдайда рұқсат ала алады: егер ол өз есебінен ғимарат қаңқасын тұрғысған болса, ал бұл жобаның жалпы құнының 40–60%-ы, немесе банктен қаржыландыру алған болса. Егер құрылыс салушы қор кепілдігін көрсетпесе, ал әкімдік бұл нысан бойынша тиісті рұқсат берілмеген десе, ақшаңызды салып ешқандай тәуекелге бармауңа кеңес береміз. Мұндайда құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.