Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді тіркеу кезеңі аяқталды

Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді тіркеу кезеңі аяқталды

Бұл туралы ҚР МҚІА Төрағасы Анар Жаилғанова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Тіркелген 13 мыңнан астам отандастарымыздың 7312-і қажетті құжаттарды жүктеп, белгіленген мерзімде тіркеуді сәтті аяқтады. Ол үшін оларға 30 күн берілді.
Резервке тек 300 үздік және барынша дайындалған жастар қабылданады. Осылайша, бір орынға 24 үміткерден келіп отыр.
Тізімде еліміздің барлық өңірлерінің өкілдерімен қатар, шетелдегі қазақстандықтар бар. Үміткерлер арасында - жастар ұйымдарының көшбасшылары, үкіметтік емес, бизнес және квазимемлекеттік сектор өкілдері, алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері және қатардағы мемлекеттік қызметшілер.
Олардың барлығы вербалды және сандық болып екі блоктан құралатын іріктеудің екінші кезеңі - тестілеуге қатыса алады. Бұл қатысушылардың күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.
Тестілер арнайы білімді бағаламайды, сондықтан теориялық материалдар бойынша алдын ала дайындықты талап етпейді!!
Қатысушылар тест және оның тексеруін Pkrezerv.kz онлайн-платформасы арқылы өтеді.
Үміткерлер тестілеуден 12 қазанда өте алады.
Келесі кезеңдердің мерзімдері туралы - эссе жазу, жобаларды таныстыру, құзыреттілікті бағалау, Сараптамалық комиссияда әңгімелесу және Ұлттық комиссияда қатысушылардың кандидатураларын қарау туралы біз Pkrezerv.kz сайтында, Фейсбуктегі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/Агентство РК по делам госслужбы менПрезиденттік жастар кадр резерві/Президентский молодежный кадровый резервпарақшаларында хабарлайтын боламыз.

01 қазан 2019 ж. 1 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930