Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қырғызстан президентіне жеделхат жолдады

Тоқаев Қырғызстан президентіне жеделхат жолдады


Президент қазақ-қырғыз қатынасының одан әрі нығаятынына сенім білдірді
 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті Қырғызстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен құттықтады, деп жазады Ақорда.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қырғызстанның өз егемендігі жылдарында ауқымды жаңғыру жолынан өтіп, мемлекет құру ісінде зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.
"Біздің елдеріміздің арасында орнаған ашық және тұрақты саяси диалог алдағы уақытта да қазақ-қырғыз қатынастарының стратегиялық серіктестік және өзара қолдау рухында жан-жақты нығая беруіне ықпал етеді деп сенемін", - делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасында қалыптасқан көпғасырлық достық, көршілестік және өзара сенімді Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынына ерекше мән берді. 

Қырғызстанның тәуелсіздігі күні

Қырғызстан 1991 жылдың 31 тамызында тәуелсіздік алды. Бұл күні елдің Жоғарғы кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша "Қырғыз республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі декларация " туралы қаулы қабылданды. Қырғызстан тәуелсіз, егемен және демократиялық мемлекет деп жарияланды.
31 тамыз 2019 ж. 1 739 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930