Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа жолдау қалдырды

Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа жолдау қалдырды


Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында келешек ұрпаққа жолдауы бар "уақыт капсуласын" салды, деп хабарлайды Ақорда.

Назарбаев салтанатты шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде болашақ ұрпақ үшін бұл жолдаудың маңызы зор екенін атап өтті."Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бағындырған белестері аз емес. Аға буын бүгінгі жастардың бақытты өмір сүруі үшін біздің қандай қиын кезеңдерді бастан өткергенімізді жақсы біледі. Біз еліміздің игілігі үшін жұмыс істедік. Қазақстанды әлемге таныттық", – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының келешек ұрпағының өсіп-өркендеуі үшін зор мүмкіндіктер бар екенін айтты.
"Мен өз мақсатымызға қол жеткізгеніміз үшін өте қуаныштымын. Бұл капсула 30 жылдан кейін ашылады. Осы жылдар ішінде көп нәрсе болуы мүмкін. Бірақ, Қазақстан және оның азаматтары өз даму жолымен ілгерілеуін жалғастыра беретін болады", – деді тұңғыш президенті.

Рәсім соңында Елбасы қазіргі жастардың Қазақстанды нығайтып, өркендету үшін еңбек ете беретініне сенім білдірді.

21 маусым 2019 ж. 1 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930