Соңғы сәтте мойнына шарф таға салған қыз ажалдан аман қалды
- Ұлыбритания тұрғыны соңғы сәтте мойнына шарф таға салғанының арқасында жантүршігерлік шабуылдан аман қалған, деп жазады The Mirror.
Үй иелері жедел жәрдем мен полиция шақырып, зардап шеккен қызға көмектеседі. Дәрігерлердің айтуынша, Александраның мойнындағы жүн шарфтың арқасында пышақ күретамырына жетпей тоқтаған. Қызды бірден ауруханаға жатқызып, хирургтер төрт сағат ота жасап, пышақты алып тастайды.
Томас кейінірек полицейлерге өзі берілді. Ол "біреуді айызы қанғанша пышақтап тастауды" он жыл бойы армандапты. Жігіт кісіге қастандық жасағаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Вигнон әлі күнге дейін ауруды басатын дәрі-дәрмек ішуге мәжбүр, жүйкесіне зақым келгендіктен, оң жақ бетін сезбейді екен. Дегенмен ол жұмысына оралып, фитнес-бикиниден жарысқа дайындалып жатыр. Денесінде қалып қойған тыртықтарды көрсетуге ұялмайды.
"Оларды жасырғым келмейді. Джеймс Томас өз өміріне балта шапты. Ал менің алға қойған мақсатым өте көп", - деп мәлімдеді ол.
Alashainasy.kz