Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатқан австралиялықтың оқиғасы

Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатқан австралиялықтың оқиғасы



Сұрықсыз өмірінен жалығып, ақыр соңында оны сатып жіберген Йен Ашер бүгін бай әрі бақытты. Ал ол өмірін қалай сатып жіберді дейсіздер ғой?..Йен Ашер бақытты отбасын құрып, сүйікті іспен айналысуды армандаған қарапайым азамат еді. Алайда екеуінде де азаматтың жолы болмады.
Жасы 50-ге таяп қалғанда ол Австралиядағы кішігірім дүңгіршекте кілем сатушы болып жұмыс істеген. Әйелімен ара-қатынасы бұзылып, шегіне жеткенде, Йен күйзеліске қатты түседі. Осылайша, өзін де, өмірін де жек көріп кетті, әбден жалықты. Мың ойланып-толғанып ақыры сұрықсыз өмірін сатуға шешім қабылдады.
Ол eBay арқылы өз өмірін саудаға салды. Онда: бүкіл жиһазы бар үйі, көлігі, мотоциклі, парашют жабдықтары, жұмыс орны және достары мен таныстары кірді. «Осымен өмірімді аяқтадым, онымен қош айтысамын» деп жазды соңында. Қызық болғанда, өмірі кәдімгідей саудаға түсті. Алғашқы бағасы 1 доллар еді.  Бір аптадан соң 305 мың долларға бір-ақ шықты. Өмірін мыңдаған долларға сатып жіберген Йеннің Ашердің тек құжаты ғана қалды.
«Мен тылсым, аяқасты болатын дүниелерді жақсы көремін. Бірақ, шын мәнінде өмірім қызықсыз өтті. Істеген ісімнен рахат алмайтын күйге жеттім, Бәрінен жалықтым да, бас тартамын деп шештім», - деп Йен өткен өмірін есіне алды.
Қолына қомақты қаржы тиген Йен Ашер алдына 100 мақсат қойып, тізімін жасады да, бәрінің орындалуына 100 апта уақыт жұмсауға өз-өзіне сөз берді. Осылайша Дубайға ұшаққа билет алып, мақсатының алғашқысын бағындыра бастады. Алғашқы мақсаты күн астында тау шаңғысын тебу болды. Екі жылын үздіксіз саяхаттаумен өткізді: Испанияда бұқалармен алысты, Африкада акулалармен, Жапонияда киттермен жүзді. Ұшақ басқаруды үйренді. Қытайдың Ұлы қорғанын жаяу жүріп өтті, әлемдегі ең ірі сарқырамаларды өз көзімен көрді. Лондонда өзінің кумирі – кәсіпкер Ричард Брэнсонмен танысып, түбі достыққа ұласты. Голлибудте фильмге түсті. Тіпті кей фильмдерге тегін түскен.
Екі жыл өткен соң Йен Ашер 100 мақсаттың 93-інің орындалғанын байқады. Ал қалған 3 арманы аяқсыз қалды. Оның үстіне, оның 30 мың доллары қалған еді. Сөйтіп қолындағы ақшасына Панама   жағалауынан тастанды арал сатып алады. Ол жерде сүйіктісі Момен тұрады. Иен мен Мо қазір балаларға арналған кітап шығаратын баспахана ашқан. Соның арқасында Иен табыс тауып жүр.
«Енді қарапайым жұмыс істемеймін», - деп  өз-өзіне уәде берді. Ең бастысы, ол – бақытты.

www.qamshy.kz
20 ақпан 2019 ж. 825 0