Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 қызды өмірге әкелген әйелін 9 жыл отасқан күйеуі “ұл тумадың” деп тастап кеткен

7 қызды өмірге әкелген әйелін 9 жыл отасқан күйеуі “ұл тумадың” деп тастап кеткен



7 қызды дүниеге әкелген көпбалалы ана 9 жыл отасқан жарының «ұл тумадың» деп теріс айналып, отбасын тастап кеткен.

Еуразия бірінші арнасындағы «Кеш қалмайық» бағдарламасының студиясында айтып берді.
Өзінің анасы перзентханада босану үстінде қайтыс болып, ана сүтін ембеген, әкесінен 8 жасында жетім қалған әйел әркімнің босағасын паналайды. Жетімдіктің, жалғыздықтың зардабын көп көрген келіншек өз алдына отбасын құрғанда көп баланы дүниеге әкелем деп мақсат қояды.
Алланың жазуымен 7 қызды дүниеге әкелген алтын құрсақты ана жарынан алғыс алмай, ұл тумадың деген жазғыруына ұшырайды. Тіпті енесі де төртінші қыздан кейін «енді тума» деп кеңес берген. Тағдырдан теперіш көрген ана бұл күнде әлдекімнің бөлмесін жалдап, 7 баласымен өмір сүруде. Заң жүзінде ажыраспаған күйеуінен алимент де ала алмайтын көрінеді.
“Өзім өмірге келгенде анам екі сағаттан соң көз жұмған екен. Әкем сегіз жасымда қайтыс болды. Әркімнің панасында болдым. Сол кезде көп баланың анасы болғым келді. Құрбыларыма қалжыңдап, 10 қызды өмірге әкелем деп қалжыңдайтынмын”, – дейді көпбалалы ана.
Айтуынша, күйеуі ойына түскен кезде келіп-кетіп жүрген. Ақша тауып беру керек кезде басын ала қашып, үйден кетіп қалатынын айтады. 2007 жылы үйленген ерлі-зайыптылар 2016 жылға дейін бірге тұрған.
stan.kz
20 ақпан 2019 ж. 1 029 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031