Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарақат Әбілдинаның мектеп-студиясы Қызылорда қаласында да ашылды

Қарақат Әбілдинаның мектеп-студиясы Қызылорда қаласында да ашылды


Қызылорда қаласында «Қарақат мектеп-студиясы» ашылды. Бұл туралы әнші Қарақат Әбілдина өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

«Ал, құрметті, қызылордалықтар! «Қарақат мектеп-студиясы» сіздің қалаңызда ашылғанын қуанышпен xабарлаймын! Мектепке қабылдау басталды. Өнерлі өрендерге есігіміз ашық», - деген әнші.
Желідегі әншінің оқырмандары мектептің жұмысына табыс тілеп, жүрек жарды тілектерін білдіріп жатыр. Сонымен қатар, көп балалы ата-аналарға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына жеңілдік жасалса деген ұсыныстарын жеткізді.
Айта кетейік, балаларды өнер жолына бағыттауға арналған бұл мектеп бұған дейін Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе қалаларында да ашылған болатын.
16 ақпан 2019 ж. 1 903 0