Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Заманына қарай адамы... Сылтау ма, әлде талап па?

Заманына қарай адамы... Сылтау ма, әлде талап па?


Қазіргі күнімізге дейін сандаған жылдар, ғасырлар өтті, артқы дөңгелекпен алдынғысына еріп келген халық жаңартылған технологияға қол жеткізді, жаңаиндустрия пайда болды, бір сөзбен айтқанда материалдық құндылықтар өзгертілді. "Заманына қарай адамы" дейді, меніңше бұл тек батыстық ұғымға ерген, "саналы" сөзінің антонимдік типіндегі адамдардың ұстанатын жай сылтауы секілді. Ия, заман өзгерсін, дамысын, бірақ моральдық жағынан емес, тек білім жағынан.   Адамдық-адамгершілік құндылықтар заманға емес, адамға, тек өзімізге бағынады! Шектен тыс техниканың дамуы да қазір қарапайым адам санасын әлсіретіп жіберген. Мысалы, ТӘУЕЛДІЛІК (ғаламтор желісі болсын т.т бөлек көп нәрсеге тәуелдіміз шыны керек)  Қазіргі 18-23 жасар жастар 70% дейін (одан әрі кетпейін) тек 1-2 күндік жоспармен жүреді "ертеңгі күнім осылай өтсе, сосын көре жатармыз...", демек алдында мақсаты жоқ адамдар. Немесе "осы оқуды бітірсем, ақшамен бір жерге орналасармын" деген түсінік. Бірақ сол адамдардың өзін "заманауй адам" санарын қайтесіз?! Білмеймін, мүмкін қазір сана сезім әлсіз бе немесе ортамыз сондай ма? Шынымды айтайын, өз басым ойы тек әлеуметтік желілермен шектелген жігіттермен қоса,  әңгімесімен(жылы сөзбен айтқанда) бояуына сенетін қыздарға қарап жаным ашиды. Кейде ондай адамдармен пікірлес бола да алмайсыз. Орысша айтқанда "саморазвитие" дейді ғой, басқа жағымызға мән бере бергенше, осыны кішкене болсын дамытқан дұрыс шығар әр жеке тұлға. Әрине әр адам өзіне-Қожа, өзіне-Би!    Мектепте оқып жүргенімде үйімізге апталап газет-журналдар келетін, сондағысы ата-анаммен жарысып оқып, сондағы саяси-экономикалық мәселелерді шай үстінде талқылап отырғанда (онша түсінбесемде) тыңдап отыратынмын. Әкем саясаткер -журналист, анам-тарихшы болғандықтан тек осындай әңгімелер қозғалатын дастархан басында. Содан есімде, маған бөлек балаларға арналған басылымдарға жазылдық. Жалпы айтқанда газет оқуды жақсы көретінмін. Қазір ше? Газет таралымдар аз және дайын ғаламтор, және көп отбасыда қозғалатын нәрсе (өсек) тек жұлдызды өмірлер. Бірақ мақтанатыны қазіргі кезде де сол дастархан басындағы пікір-таластар, ата-бабамыздың басынан өткен оқиғалар, әке-шешеміздің қиыншылықтары туралы әңгімелеп отырады.     Көп отбасыға жетіспейтін осы нәрсе деп ойлаймын. Жоғарыда айтылған тәуелділікті жойып, адамның ойлау жүйесін, өз-өзін дамытатын технология емес,  тек өз құндылықтарымыз.  Ал, сіздің пікіріңізше ой-сананы әлсіреткен, жастардың майдалануына себеп қандай жағдай?

Massaget.kz
14 қаңтар 2018 ж. 2 924 0