Жігіттер неден қорқады?
Бізде қыздар қауымы ғана қорқақ келеді деген жалған стереотип бар. Егер қыздар жалғыз қалудан, әдемілігінен айрылып қалу деген секілді ойлардан қорықса, жігіттер қауымы аз көлемді табыстан, шешеден және қоғамнан қорқады екен. Қоғамнан қорқу – ер адамның фобиясы десек те болады.
Ер жігіт өз қорқынышын білдірмесе де оның қорқатыны айдан анық. Мұндай кезде ер адам аз сөйлеп, шылымға бас қояды екен.
Ер адамдардан қорқу.
Жігіт көбіне өзімен тең адамдардан қорқады. Ер адам қыз баланы көшедегі бұзақылар мен ұрылардан сақтап қала алса да, өзінен гөрі білімдірек, мәдениеті жоғарылау, сымбатты жігіттің болуынан қорқады. Әрине, ол қыз бала сол сымбатты жігітке «жабыса» кетеді демесе де, өз ойымен алысуды бастайды. Ал енді бұдан кейін жасырын «соғыс алаңында» іштей ғана онымен жарысуға көшеді. Өзге жігіттің жасағанын қайталап, одан ақылымен, білімімен асып түскісі келеді.
Батыр жігіт.
Ер адам әрқашан да күш сынасуды өмірдегі басты мақсаты санайды. Қыз бала бұл оймен бас қатырмаса да ер атаулы табиғатынан сынасып, жарысып өмір сүреді. Ер адам өз меншігіндегі дүниеге қол салған әлдекімге ең бірінші кезекте сөзбен, сымбатымен қаһарланады. Ал шынына келсек, ер адам бұл кезде қобалжып тұрады. Егер қыз бала жалғыз бір жерге баратын болса ері оны қызғанудан бұрын оның амандығы үшін уайымдайды. Осы қылығымен ол әйел адамды басқарғандай әсер қалдырады. Қыз бала да көбіне өзіне қамқорлықты бірінші сезбей, көбіне тәуелділіктен қашады.
Әйелдер қоғамынан қорқу.
Ер адам өз досының көңіл қосып жүрген қызымен бірге болудан қорқады. Бұл ер адам үшін ең қызықсыз әрі төзбес жағдаяты. Мұндай жағдайда досының қызы да, қырсыққандай, сөйлей жөнеледі. Оның қандай адам екенін сұрастырып, немен айналысатынын білу үшін неше түрлі сұрақ жаудыра бастайды. Тіпті қыз баланың өз түр-сипатының қандай екенін сұраса бітті дей беріңіз. Тығырыққа тірелу деп осыны айтсақ болар. Қыз балалар әрбір жігіт көптеген қыздың ортасында қалуды армандайды деп ойлайды. Әсілінде, олай емес. Ер адам өзінің қолапайсыз екеніне іші күйіп, арпа ішінде бір бидайдай сезінетіні рас. Сөйтіп, өз қобалжуын оларға деген жігіттік әрі ақылсыздау іс-қимылымен жуып-шаяды.
Үйленгеннен кейінгі комплекс.
Расына келсек, ер адам үйленгеннен кейін өз өмірін өзгердіге балайды. Тіпті бұрынғыдай салақ болып жүруін өзіне ар санайды. Ал осындай кезде жары тазалық сақтауды, үй жинауды тез арада ретке келтірмесе отағасының ойы бір сәтте-ақ өзгеріп шығуы мүмкін. Ол әйел адамның салақ болуынан қатты қорқады. Расында, қай жігіт өз әйелінің салақ болып шығуынан қорықпайды екен?!
Әдет пен жалғыздық.
Жігіттер де қыз бала секілді өзгерістен қорқады. Әдетке айналған ісінен жаңылу кішкене болса да психологиялық ауытқушылыққа ұрындыруы мүмкін. Ер адам сыртқы өмірде өте көңілді болып көрінеді. Себебі оның достары мен әріптестері оның өмірінде үлкен рөл атқарады. Ал ішкі, рухани жалғыздық әркімге-ақ ауыр тиеді. Мұндай жағдайда олар қыз балалар секілді ішкі сырын айтып, езіле де алмайды. Егер жақын досымен немесе көңіл қосқан адамымен ұрсысып қалса, ол тез арада оның орнын басатын адам тауып алады. Әйтпесе оның ойы мен көңілі құрдымға кетті дей беріңіз.
Енді біз шындықты айтуға бел будық. Мұнымызды қыз балалар да білсе артық болмас. Себебі ер адам да қорқады, оларда да жүрек бар…
Дереккөз: Massaget.kz