Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 23 жастағы өзбек жігіті Ресейде болған жарылыста 8 адамды құтқарды

23 жастағы өзбек жігіті Ресейде болған жарылыста 8 адамды құтқарды


Өзбекстандық Аламафруз Абдуллаев Магнитогорскте көпқабатты үйдің жарлысы кезінде 8 адамды аман алып қалды. Жас жігіттің айтуынша, ол 31 желтоқсан күн таң намазын оқу үшін тұрады. Осы кезде айқай-шуды естиді, деп жазады Комсомольская правда.
Аламафруз көшеге жүгіріп шыққанда, жоғары қабаттан балал әйелді көреді. Жігіт екеуінің де төменге түсуіне көмектеседі.
Жігіт құтқарушылармен бірге оқиға болған жерді қарап шығады. Оның көмегімен құтқарушылар 8 адамды құтқарды.
Аламафруз өзін батыр санамайды. Әрқашан өзгелерге көмектесуге дайын екенін айтады.
Sputnik Узбекистан мәліметінше, жас жігіт 8 жыл бұрын Ресейге көшіп келген. Ресей азаматтығын ала алмаған. Ресейде достары мен туыстары көп. Бірақ туған жерін ұмытпайтынын айтады. Өзі кудо күрескері.
Айта кетейік, Магнитогорскте 31 желтоқсан жаңа жыл түні газ жарылысы болып, үй подъезі опырылып құлаған еді. Соның салдарынан 39 адам мерт болды.
Stan.kz

08 қаңтар 2019 ж. 929 0