Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамдар неге жылайды?

Адамдар неге жылайды?



Адамдар неге жылайды? Жылағанда не табады? Бұл сұраққа әркім әртүрлі жауап береді. Ал ғалымдар тарапынан осыған дейін бұл сұраққа жауап келмеген. Тек жақында ғана ғалымдардың бұл туралы пікірі жария болды. Сонымен, адамдарға жас не үшін керек? 

Жас пен мұң – егіз ұғым. Осыған дейін бұл ұғым ғалымдарды алаңдатпаған. Олар адамның көңіл-күй ауытқушылығы деп түсіндіріп келді. Ал көзден аққан жасты түсіндіре алмады. Яғни, олар тек санада болып жатқан оқиғаны түсіндіре алды, ал денедегі өзгеріске мән бермеді. Бұл туралы Тилбург университетінің профессоры Эд Вингерхотс «Ғалымдарға іште ойнаған көбелектер емес, махаббат қызық» деген.
Бірақ, жылау тек мұңның ғана белгісі емес. Адам жанарындағы жас бейнет көруден, қайғырудан, ашу-ызадан, шексіз қуаныштан туады. Жас махаббат парақтарындағы көбелек секілді көрінбейді емес, айқын көрінеді. 
Жас – жүректен шыққан бу 
Көз жасы туралы ақпаратқа адамдар о бастан қызыққан. Адамның көз жасы туралы алғашқы пікір б.з.д. 1500 жылы айтылған. Ең бірінші мәліметтерде жас жүректен пайда болады делінген. 
Гиппократтың заманында жас сананың көмегімен шығады деген пікірлер пайда болған. 1600-жылдары көңіл-күй, әсіресе, махаббат жүректі жылытып, соның әсерінен ағза бу шығарады делінген. Бұл бу басқа қарай көтеріліп, бу жанарда суға айналып, жас болып шығады деп түсінген. 
1662 жылы дат ғалымы Нильс Стенсен жастың пайда болуына себепші көзжас безі екенін айтқан. Осы тұжырым нәтижесінде адам ағзасының жас бөлу қабілеті белгілі болған. Сонымен қатар, Стенсен жас тек көзді ылғалдандырып тұру үшін қажет деп ойлаған. 
Күлкілі зерттеулер 
Кейбір ғалымдар зерттеулерін «адам неге жылайды?» деген тақырыпқа арнаған. Бір қызығы, олардың арасында пікірлері ұқсастары табылмаған. Ал Эд Вингерхотс жас туралы 8 түрлі теорияны жазып алған. Олардың кейбірі тіпті күлкілі. 
Мысалы, 1960 жылы мынадай ой айтылған: адамдар теңіз маймылының эволюциясы. Ал тұзды суда өмір сүру үшін жас керек болған деген пікірге қалай күлмейсіз? 
Кей теорияларға дәлел жеткіліксіз болды. Мысалы, 1985 жылы биохимик Уильям Фрей жас күйзеліс кезінде ағзадағы токсиндерді шығару үшін керек деген. 
Кейбір зерттеушілер жасқа «қарым-қатынастағы маңызды рөл атқаратын көмекші» деген атау берген. Адамның көз жасы әлеуметтік қарым-қатынас үшін, адамдардың табысуы үшін керек. Мысалы, жануарлар дүниеге келгенде тіршілік етуге бірден қабілетті болып кетсе, адам баласы өз қолымен тамақ ішуі үшін кемінде 3 жыл керек. Адам өсіп келе жатқанда қорғану, аяныш, сезімталдылық деген ұғымдарды да қатар сіңіріп өседі. 
Оңтүстік Флорида университетінің профессоры Джонатан Роттенберг «Жас адамның бір мәселеге тап болғанынан және одан шығу жолын таппай жүргенінен хабар береді» деп есептейді. 
Зерттеушілер жас әртүрлі химиялық құрамға ие болатынын тапқан. Мысалы, пияз турағанда көзден ағатын жастың мұңайғандағы жасқа мүлдем ұқсамайтыны дәлелденген. Жас – екінші адамға хабар беруге арналған эмоционалдық белгі болуы мүмкін. 
Эмоциядан пайда болған көз жасының химиялық құрамында ақуыздар көп екен, сол себепті мұңның көз жас жабысқақ келеді. Эмоционалды көз жас беттен жаймен сырғып, беттің ұшында кеуіп қалады әрі өзгелерге тез байқалады.  

el24kz
04 қаңтар 2019 ж. 1 139 0