Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҒАЛЫМДАР АНАР ЖЕМІСІНІҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ҒАЛЫМДАР АНАР ЖЕМІСІНІҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ




Анардың құрамында антиоксиданттар көп. Анар – қысқы негізгі жемістердің бірі болып табылады. Ол дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Анар қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі. Иммунитетті жақсартады. Анар С дәруменіне бай. Бір анардың шырынында біз күнделікті тұтынатын С дәруменінің  40 % бар. Анар қатерлі ісіктің алдын алады. Зерттулер анардың сүт безі ісігін болдырмайтынын көрсетті.
Анар Альцгеймер ауруынан қорғайды. Антиоксиданттардың концентрациясы көп болғандықтан Альцгеймер ауруының дамуына жол бермейді, жадыны қорғайды. Анар ас қорытуды жақсартады. Анар шырыны ішектегі қабынуды азайтып, ас қорытуды жақсартады. Сондай-ақ Крон дертіне шалдыққандарға көмексетеді.  Анар артрит кезінде көмектеседі. Анарды остеопороз, артрит пен буындардың қабынуы кезінде көмектеседі.
 Анар жүрек ауруна пайдалы. Анар шырыны жүрек пен артерияны қорғайды. Ол қанның келуін жақсартады, артерияда холестериннің жиналуына жол бермейді. Анар вирустардан қорғайды. Құрамында С және Е дәрумендері көп болғандықтан анар шырыны инфекциялармен күресуге көмектеседі. Сондай-ақ анарлар бактерия мен вирустарға қарсы қасиеттерге ие. Оның құрамында фолий қышқылы, калий мен К дәрумені көп. Анар жадыны жақсартады. Күніне 225 мл анар шырынын іщу концентрация мен жадыны жақсартады. Анар төзімділікті арттырады. Анар спорттағы нәтижелеріңізді жақсартады. Ол бұлшық еттердегі ауырсынуды басып, күшіңізді қалпына келтіруге көмектеседі.
inform.kz
14 желтоқсан 2018 ж. 3 699 0