Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыста тері неліктен құрғайды? 

Қыста тері неліктен құрғайды? 


Көп қыз-келіншектің қыс түссе терісі құрғай бастайды. Әсіресе бет терісі мен қол терісі бірден сыр береді. Осының себебі неде? Қалай мұның алдын алуға болады? Себептері неде? Зер салыңыз 1. Ылғалдың аздығы Қыста сырттағы салқын ауа мен ғимарат ішіндегі ыстық ауа терідегі барлық ылғалды сорып алады. Тері осыдан жарыла бастайды. Шашыңыз пен теріңіз құрғамас үшін бас киім мен қолғап киіп жүріңіз. Жоғалтқан ылғалдың орнын толтыру үшін сыртқа шығарда және қолыңызды әр жуған сайын ылғалдандырғыш крем жағып отырыңыз.   2. Ыстық душ пен ванна Қыста бойымыз жиі мұздайтындықтан ваннаға да жиі түсеміз. Ыстық суды молынан ағызып, жылы ваннада ұзақ жатамыз. Бұл теріні қатты құрғатады.  Абзалы жылы сумен жуыну. Душ пен ваннаға 10 минуттан артық түспеңіз. Содан кейін теріңіз әбден құрғап кетпей тұрғанда ылғалдандыратын крем жағыңыз.   3. Ағзадағы су мөлшерінің азаюы Әдетте жазда шөлдеп, суды көп ішеміз. Ал қыста керісінше, суықтан бойымыз мұздап, дәретке жиі баратын болғандықтан суды да аз ішеміз. Бұл да ағзадағы су мөлшерінің азайып, терінің құрғауына әкеледі. Күніне 2 литр су іше алмасаңыз, мүмкіндіңіз келгенше сұйықтықты жиі қабылдаңыз. 4. Қалың киім Иә, қыста киетін қалың киімнің терімен үйкелісі де ағзадағы құрғақтықты арттырады. Жүннен тігілген киімдер теріні тітіркендіруі де мүмкін. Егер теріңіз тітіркенуге бейім болса, неғұрлым теріңізге жағымды киім-кешек киіңіз. Ауа жіберетін, жұмсақ киімдерді таңдаңыз. 5. Тері мен шашты шектен тыс тазалау Жиі жуыну немесе ыстық душ пен ванна терінің қорғаныс қабатын зақымдайды. Бұл мәселені шешу үшін, құрамында спирті бар сабындарды пайдаланбаңыз. Оның орнына теріні ылғалдандыратын заттарды қолданғаныңыз жақсы.
Massaget.kz
04 желтоқсан 2018 ж. 1 084 0