Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардақты Асанәлі атаға!

Ардақты Асанәлі атаға!


Сүйсінткен намысы мен ары көпті,
О бастан Құдай оны дарын етті.
Қазақтың киносының көшбасшысы,
Өмірден Асанәлі алып өтті.

Ұялап ойыңда арман, санаңда бақ,
Қалдырдың өз жолыңды ғаламға нақ.
Қазақтың қандай халық екендігін,
Бар әлем танып еді саған қарап.

Алысып, бірге өсіп бұл қоғаммен,
Атыңды оздырып ең шын бағаңмен.
Қос ұлың қатар қайтыс болғанда да,
Тағдырдың сынағына сынбаған ең.

Иесі болмасаң да асқан бақтың,
Өнердің биігіне асқарлаттың.
Бейнесін бір Бекежан сомдап шығып,
Киносын бар Қазақтың аспандаттың.

Жасын мен айналып ең жалынға шын,
Қайғыңды қалың елің қабылдасын.
Нарқыңның биіктігі - Ажалың да,
Халқыңның қайыстырды қабырғасын.

Айбыны болып ел мен даламыздың,
Үлгісін көрсетіп ең саналы іздің.
Құдайым топырағын торқа етсін,
Ардақты Асанәлі нар абыздың!

Талғат Күзембаев
22 желтоқсан 2025 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031