Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді


Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 13 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 23:11-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. MPV Магнитудасы - 4.4. Тереңдігі - 15 км.

Қазақстан аумағында MSK-64 шкаласы бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.



14 наурыз 2024 ж. 348 0